Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!
Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?
Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.