Тутанхамон (сөзбе-сөз – Атонның тірі бейнесі, таққа отырғандағы есімі – Небхепрура) – Жаңа патшалық (18 әулет) дәуіріндегі Мысыр перғауыны. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 1400 – 1392 жылы билік етті. Аменхотеп IV –нің (Эхнатонның) күйеу баласы, не оның ұлы немесе інісі де болуы мүмкін. 12 жасар кезінде Тутанхатон (Атонның тірі бейнесі) деген атпен таққа отырып, 20 жасында қайтыс болған. Өкімет билігі іс жүзінде уәзірі Эйе мен басқа да шонжарлардың қолында болды. Тутанхамонның кезінде Эхнатонның діни реформалары жойылып, Амон құдайға табыну қалпына келтірілді. Тутанхамонның өзі Тутанхатон атынан бас тартып, перғауын астанасын Эхетатоннан Фивыға қайтарды. 1922 жылы өнердің тамаша ескерткіштері бар тоналмаған перғауын бейіті – Тутанхамон табыты табылды.[1]
Жеңіс күні
Жеңіс күні – сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке. Биыл адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғыс - Ұлы Отан соғысы аяқталғанына 74 жыл толады. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Бұл күнді тек соғыс майданында ұрысқа қатысқан ардагерлер ғана емес, сонымен қатар майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші тыл ардагерлері де тойлайды. Бірақ жыл өткен болашақ ұрпақтың бейбіт заманда өмір сүруіне бар үлестерін қосып, Отан үшін жас өмірлерін қыршыңнан қиюға дайын болған ардагерлеріміздің қатары сиреп келеді, әрине, бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен уақыт өз дегенін алары хақ.
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Тәуелсіз Қазақстанымыз аспаны әрқашан ашық болсын! Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!