Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Қазіргі заманда адамдар мен қоғам арасындағы мәселе, жаңа техникалық әрі заманауи құжаттармен беріледі. Яғни,осы пікірдің қоғамдағы әсеріне,ақпаратты интернеттен тез таба алуға болатынымен келісемін. Әрине де,ол аса уақытты қажет етпейді,және мыңдаған дәлелдер мен мәселелер,ақпараттарды бір минутта да таба алуға болады. Бірақ та,бізді ата-бабамыз жастан үйреткендей ,күш-білімде,ал білім кітапта.Біз кітапты қастерлеуіміз керекпіз. Ал кітапханалардың сирек қалуын болдырмау керек. Мүмкін де, шамалы да болса адамдар кітапханаға бара алады,одан өзіне қатысты ақпаратты іздей алады,онымен де келісемін. Кітапханада сан алуан кітаптар мен жинақтар толып жатыр,ол жерде ақпарат нақты әрі толық болады,себебі, кей-кезде интернетте ақпарат жалған болуы мүмкін.Бірақ,бір минустық мүмкіншілігі ол кітапханада іздеу үшін уақыт қажет. Сондықтан да,қазіргі таңда қоғамға кітапханалар аса қажет жоқ болса да,кітап қадірін ешқашан ұмытпау тиіспіз.