Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында.
Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін.
Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.
Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.
Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.