Ақындар айтысы жанрлық қалыптасуын рулық айтыстардың арнасында дамытқаны белгілі. Жалпы айтыстың ұзақ даму жолындағы кезеңдік ерекшеліктерін, басты сипаттарын саралағанда, дәстүрлі айтыс, кеңестік айтыс және еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы сөз сайыстарын қазіргі айтыстар деп жіктеуге болады. Айтыстың жанрлық басты ерекшелігі: сын мен мадақтың қатар қолданысы бір арнада қалыптасқандықтан рулық айтыстар дәстүрлі айтыс болады. Жанр − тарихи категория, қоғамның дамуымен әр кезде айтыстың жаңа түрлерін шығарды. Бірақ рулық айтысты дәл қайталаудың өзі заман талабына, қоғам талабына сай келмейді. Алайда, қазіргі айтысты өнерін жаңғырту мақсатында ғана емес, ұлттық идеология үшін де қажетті өнерге айналды.