pgvladp0dtcc
08.04.2022 05:28

с выполнением домашнего задания 8 класс

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
yasmina2534
26.06.2021 04:20
"Алтын адам" - 1970 -ші жылдарының басында Есік қорғанында - сақтар тайпасының  жас көсемінің зираБас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.ты табылды. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан,  таутеке,  арқар,  ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бас сүйектін сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. 
0,0(0 оценок)
Ответ:
aarzymova
21.12.2020 17:53

Достық туралы мақал – мәтелдер.

- Дос - ажарың, жолдас - базарың.

*   *   *   *   *

- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.

Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.

*   *   *   *   *

- Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме

*   *   *   *   *

- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар

*   *   *   *   *

- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.

Ол әрқашанда сенімді.

*   *   *   *   *

- Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан

*   *   *   *   *

- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

*   *   *   *   *

- Жаман жолдастан таяғым артық

*   *   *   *   *

- Күлме досыңа – келер басыңа

*   *   *   *   *

- Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.

*   *   *   *   *

- Заттың жаңасы жақсы,

Достың ескісі жақсы.

*   *   *   *   *

- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.

Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

*   *   *   *   *

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.

*   *   *   *   *

Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.

*   *   *   *   *

Жауға - жалынба, досқа - тарылма.

*   *   *   *   *

Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.

*   *   *   *   *

Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота