Мектеп туралы диалог
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.
Эссе
Сағаттың өзі ұры.
Уақыт - адам өмірінің өлшенбес қазынасы.Әр адамға ол дүние есігін жаңа ашқаннан қайтыс болғанға дейін белгілі бір сағаттар беріледі.Уақыт адаммен санаспайды.Және ол жылдам жүреді.Босқа өткен сағаттарыңды ешқашан да қайтара алмайсың.Адамның барлық істері үшін күн, сағат, минут қажет. Барлығы уақытпен анықталады - жұмыс істеу қаншалықты, тынығудың қаншасы, достармен кездескенде және үй шаруасын істеу кезінде.Сағат сіздің өміріңізді біртіндеп ұрлай береді.Сондықтан да,оның әр минутын қастерлеп,уақытыңды пайдалы өткізе білген жөн.Қазақтың бас ақыны Абай:
Сағаттың өзі ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман…,-деп айтқан еді.Шынында да,сағат ешқашан тұрақтамайды,сені күтіп тұрмайды.Мысалы,ауруханада адам ауыр халде.Оның тірі қалуы үшін аз ғана минуттар керек.Оны құтқарға үлгермесе,уақыт оның өмірін "ұрлап" кетеді.Сағат деген "ұрлықшыға" төтеп беру үшін әр күніңді игілікпен,жаңа істермен өткізген жөн.Бүгініңмен өмір сүр.Уақытпен дос бол дегім келеді.