Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
аңыз әңгімелердің бірінде былай дейді: «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. - Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті». Әнет баба Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, «енді тентегіңді сен өлтір» деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың шартына амалсыз көнген Әнет баба «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасында: «Әнет бабаң - Арғынның ел ағасы, Әрі би, әрі молда ғұламасы. Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен, Сол кезде тоқсан беске келген жасы», - деп суреттеледі. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазарына жерлеген. Алматы қаласы көшелерінің біріне Әнет баба есімі берілген.