Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
объяснение:
қызыл кітап-халықаралық табиғат қорғау одағының “қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. юнеско-ның жанынан халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.