"Компьютермен жұмыс жасау зиян" тақырыбында диалог.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Болат! Қалайсың?
- Жақсымын, сен ше?
- Менде де бәрі жақсы, достым. Бүгін тағы компьютерлік ойындар ойнаймыз ба?
- Жоқ, одан да саябаққа барып ойнайық.
- Неге?
- Біз бүгін информатика сабағында компьютердің зияны туралы өттік. Компьютерде шамадан көп отырсаң, денсаулығыңа, ойлау жүйеңе зиян келтіреді. Білесің бе, Әсем, әр 20 мин сайын көзге жаттығулар жасау керек. Монитор мен адамның арақашықтығы да сақталуы керек екен. Біз тіпті дұрыс отырмайды екенбіз ғой.
- Мәссаған! Жарайды, онда түсте саябақта кездесейік.
- Жарайды, кездескенше!
Қаратпа сөздер: Әсем, Болат, достым.
1. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2. Абай неше ағайынды болған? (Жеті 7)
3.«Абай – қазақтың бас ақыны» дегенді кім айтқан? (Ахмет Байтұрсынов).
4.Абайдың қара сөздерінің саны қанша? (Қырық бес 45)
5. Абайдың немере інісі кім? (Шәкәрім)
6. Абай қай жылы дүниеден өтті? (1904 бір мың тоғыз жүз төрт)
7. Абайдан неше поэма қалған? (3 үш)
8. Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең менше сүй! – деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған? (Құлақтан кіріп бойды алар)
9.Ақын М.Ю. Лермонтовтан қанша шығарма аударған? (27 жиырма жеті)
10.Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде ақын қандай мәселе көтереді? (Достық мәселесі)