Алты ай қыстың ақ қар, көк мұзы мен сақылдаған сары аязынан шаршап, көктемнің шуағын аңсаған шақта Жер Ананы бусантып, мейірім мен жылулық лебін ала келген Наурыз мейрамы құтты болсын! Қыс ызғары қайтып, төрт түлік мал төлдейтін, адамдардың аузы аққа, мал аузы көкке тиетін, жер бетіне шаттық орнайтын Наурыз құт әкелсін! Көктем құсы келіп, қысқы ұйқыдағы жануарлар оянатын қасиетті Ұлыс тойы оң болсын!
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Алдыңнан шығып Қызыр, Ілияс,
Құрметпен саған қол берсін.
Бала-шағаң бақытты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін
Елімізде 2006 жылдан бастап құстың белгілі түрі «Жыл құсы» аталып келеді.Оны Қазақстандағы Биологиялық Алуантүрлілікті Сақтау Қауымдастығы мен Қазақстанның орнитолог ғалымдары ұсынып жүр. Мәселен, осындай ұсыныстар негізінде 2006 жыл- тарғақ,2007 жылы- қыстау қарлығашы,2008 жыл-тырна,2009 жыл-бозторғай, 2010 жыл- кәдімгі қараторғай,2011 жыл- үлкен сарышымшық,ал 2012 жыл- дала қыраны,2013 жыл- шиқылдық қаз,2014 жыл-ақбас үйрек «Жыл құсы» деп танылды. Ақбас үйрек- қазтектестер отрядының үйректер тұқымдасы, ақбас үйректер туысның әлемдегі 5 түрінің Орталық Азия тобының өкілі. Ол ғаламдық деңгейде жойылып кетуі қаупі төнген түр ретінде Халықаралық АТбиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Қараторғай-түсі қара, орманды,бақты,жазық даланы мекендейтін торғай. Тырна-мойын ұзын,сирағы сидаған ірі жыл құсы.