ИльяФин
14.02.2020 02:00

1-тапсырма. Оқылым мәтіні мен Абай Құнанбаевтың «Күз»өлеңін салыстырып, ортақ ойды жазыңдар

Оқылым мәтіні Абай Құнанбаев «Күз»өлеңі

Күзгі күн еді. Күнұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде.Дала көңілсіз.Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып, тақырланған жер. Қызықты жаздың құлпырған жері жоғалған секілді. Мына кішкене шалшық су бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап жатқан көгал еді. Енді шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Бұл түріне қарап, мына жерде көгорай шалғын болды деп кім айтады?!

Б.Майлин

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш,қурай...

Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен,

Астында ақ шомшы жүр, ол бір керуен.

Қай ауылды көрсең де жабырқаңқы,

Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен...

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kate24512
05.04.2022 22:16

Мен өмірді сүйемін.

Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.

Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.

Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.

Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Spanny99
19.06.2022 18:19
Қазіргі уақытта қазақстанның медицина дамып келеді. Елімізде салынып, көптеген аурухана, өте жақсы мамандар жұмыс істейді. Ауруханаларда жаңа жабдықтар орнатылады, ол көмектеседі дәрігерлерге жақсы зерттеу. Жетістіктері убеждают ішінде медицина соңғы төрт жүзжылдық қолданды дұрыс зерттеу тәсілдері, останавливалась пайдалы емдеу тәсілдері. Барлық бұл мүмкіндік береді деп үміттенеді болашақта заманауи бағыттары медицина береді адамзатқа маңызды нәтижелері, соның арқасында болуы адамдар көп бақытты және одан ұзақ.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота