Перевод.
Менің мектептегі өмірім.
Менің мектебімде қызық көп. Менің есімім – Регина, мен № 21 мектептің 8 – ші сыныбында оқимын. Жасым 14 – те. Мен көптеген олимпиадаларға қатысамын.
Бізде мейірімді ұстаздар көп. Менің сүйікті ұстазым – Наталья Михайловна, математика пәнінің мұғалімі. Ол қатал болғанымен, өте жақсы мұғалім. Өз ісінің маманы және әрқашанда көмек қолын созуға дайын. Сыныбымыз өте шулы болғандықтан басқа мұғалімдер бізге жиі шағым түсіреді. Бірақ мен өз сыныптастарымды шын жүрегіммен жақсы көремін. Осы сегіз жыл ішінде бір – бірімізге бауырдай болып кеттік. Менің ең жақын достарым: Әйгерім, Ілияс, Дамира және Артем. Менің сүйікті пәндерім - математика және дене шынықтыру. Біздің мектебімізде кітапхана, асхана, екі спорт залы, мұражай, хореография залы, медицина кабинеті бар. Менің мектебім маған ұнайды.
Мен диқаншы болсам.
Адамның нансыз күні жоқ. Ал, нан біздің дастарханымызға жеткенше қанша еңбек ету керек екенін біле бермейміз. Ол үшін ең бірінші кең даладағы бірнеше гектар егін алқабына егін егу керек. Әрине, дәнді дақылдардың түрі көп қой. Соның ішінде нан жасауға қажеті бидай. Егіншілік оңай шаруа емес екенін білемін. Мол өнім алу үшін тер төгіп, еңбектену керек. Менің атамның досы дихан. Ол биыл молшылыққа бөлендік, яғни егін алқабында егін бітік болды,- дейді. Мен диқаншы болсам, сол атамның досынан көп үйренуім керек.
Объяснение: