Қазақ халқының: «Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», – деген нақыл сөзі бар. Уағызымызды білім туралы айтылатын көненің бір ғибратты әңгімесімен бастайын. Сонау VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет Әліні (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» деп атайды екен. Осы атақтың рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: "Білім артық па, байлық артық па?» деп сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:
Сарказм – иронияның ұлғайған түрі. Мұның да негізгі мазмұны
– өмір құбылысының кейбір жағын мысқылдау, шенеу. Айырмасы, иронияда бір нәрсені
шенемек, мінемек, кекемек болса, ішкі мазмұны кекесін болғанмен, сөз, сөйлемнің құрылысы
мақтаған тәрізденіп, бүркемеленеді десек, сарказмда соңғы бүркемелеу жоқ,
шенейін, мысқылдайын дегенін ашықтан-ашық шенейді. Сарказм - иронияға қарағанда анағұрлым өткір, анағұрлым улы.
Бұл екеуінің арасы жақын екендігін
Шернияздың мына өлеңінен көруге болады. Баймағамбет Шерниязға ханымын мақта
дегенде:
«Ханымның келбетінің келгенін-ай,
Сипаты бейне жұмақ үрдің қызы», -деп ирониялық түрде мазақтаса, жаманда дегенде:
«Байеке, заманыңда тасуын-ай,
Шеріңнің сөйлер сөзге асуын-ай.
Ханымның бойы аласа, мұрны қайқы,
Тап мінген мегежіннің қашырындай», -
-деп сарказммен ханымды келеке етеді.
Дулат Бабатайұлының шығармаларында да сарказм көптеп кездеседі.Мысалы:
«Жатып ішер жалмауыз,
Борсық тұмсық қанды ауыз...»
«Кеңесбай азғын тұрған соң,
Тістеуік айғыр сықылды,
Үйіріңді сұйылтып,
Тай, құнанды қуғансың,
Ел билерлік ісің жоқ,
Дегдар емес, будансың.
Ырысын параның,
Қотара құйса тоймайтын,
Ашылған әбден араның,
Түйені жұтсаң түгімен,
Биені жұтсаң бүгімен
Қақалмай бір-ақ толғайтын...»