monx
30.04.2020 01:19

Мәтіндегі үстеулерді тауып,мағынасына қарай ажыратыңдар

Әлемдегі ең ауыр кітап –Лондондағы Британ мұражайында сақтаулы тұрған географиялық атлас. Атластың ұзындығы бір метрден асып түседі, ал салмағы – 320 килограмм. Әлемдегі ең үлкен кітап Нидерланд астанасы Амстердамдағы мұражайлардың бірінде сақтаулы тұр. Бұл кітап «Теңіз ережелерінің жинағы» деп аталады. Кітаптың ұзындығы – орта бойлы адамнан сәл биік, ені – 4 метр, қалыңдығы – жарты метрге жуық.
Әлемде ең кіші он екі кітап бар. Олардың көлемі бір ас қасыққа сыяды. Олар: Құранның миниатюралық басылымы; 12 мың сөзден құралған ағылшын тілінің сөздігі; Галилейдің шығармалары (пошта маркасының жартысындай шамада онда 208 бет); Жаңа өсиет, 1896 жылға дейін жер жүзіндегі ең кіші басылым болып саналған шағын кітапша; Британ (шотланд) ақыны, фольклортанушы Роберт Бернс өлең -жырларының томдығы (пергаментке басылған); француз және неміс анықтамалығы ; Моисей заңдары кітабы (ежелгі еврей тіліндегі ең кіші кітап); «Гита» үнді кітабы (санскритте); Ирландия және Шотландия әндерінің жинағы (нотасымен); Франция Конституциясы (томдықтың әрбір мұқабасы алтынмен жиектелген); Бас бармақ көлеміндей кітап АҚШ-тың 16-Президенті Авраам Линкольннің басылымы. Франциялық Жозеф Форе жарыққа шығарған әмбебап «Апокалипсис» кітабы әлемдегі ең қымбат кітап болып саналады. («Кітап патшалығы» журналынан)

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alinanamcat12
28.07.2021 01:11

Объяснение:

Түрксіб теміржолы - 1926-1931 жылдары салынған КСРО-ның ірі құрылыстардың бірі, Орталық Азия мен Сібірді қосатын темір жолы. 1941 жылы жолдың пайдаланымдық ұзындығы 2088,4 шақырымды құрады. Жамбыл – Қаратау, Көксу – Текелі жаңа желілері салынды. Бекеттік жолдардың толық ұзындығы 557 шақырымға тең болды. Соғыс жылдарында Қазақстан майданның қуатты арсеналына айналды. Соғыс еліміздің бүкіл теміржолдарының, соның ішінде Түркістан – Сібір магистралінің алдына әскери жүктердің үздіксіз тасымалдарын, майданға әскери эшелондарды, әскери техниканы, ал қорғаныс өнеркәсібі үшін көмір, металл және басқа да маңызды жүктерді уақытында жеткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты міндет қойды. Түркістан - Сібір темір жолы, Түрксіб – 1927 – 1930 ж. Қазақстанда салынған темір жол торабы. 1926 ж. 26 қарашада БК(б)П ОК осы т. ж. торабын салу жөнінде шешім қабылдады. Ол Орт. Азияны, Қазақстанды және Сібірді өзара байланыстырып, халық ш-ның дамуына үлкен әсер ететін құрылыс ретінде салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы торабын Луговая бекеті. мен Семей қ. аралығындағы 1470 км-ге тарту жоспарланды. Құрылыс жұмыстары екі жақтан солт-нде (Семей) 1927 ж. көктемде, ал оңт-нде сол жылдың күзінде басталды. Құрылыстың қарқынды және сапалы жүруіне РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан құрылған, Т.Рысқұлов жетекшілік еткен Түрксіб құрылысына жәрдемдесу комитеті көп еңбек сіңірді.

Түркістан - Сібір Темір Жолы торабының салынуына М.Тынышбаев өзінің біліктілігімен елеулі үлес қосты. Магистраль өтетін жол бойы 20 ғ-дың бас кезінде де зерттелген еді. 1927 – 1928 ж. ол қайтадан зерттелді. Соңғы зерттеу барысында магистральдың бағыты өзгеріп, рельстік жолды қысқартуға, соның нәтижесінде бірнеше ондаған миллион сом қаржыны үнемдеуге мүмкіндік туды. Луговая – Бішкек – Алматы арқылы өтетін Қордай бағыты орнына жол Шоқпар асуы арқылы тартылып, 23 км қысқарды. Солт-те Лепсіге соқпай, Балқаш бағыты қабылданды, бұл жолды 73 км қысқартты. Жол қатынасы халық комиссариаты құрылысқа инженерлер мен техниктер жіберді, тек 1930 ж. қазанда өзге өңірлерден 668 маман теміржолшылар (паровоз машинистері, оның көмекшілері, слесарьлар, т.б.) келді. Түркістан - Сібір Темір Жолы Қазақстанда кәсіби теміржолшылар мектебін қалыптастыруға елеулі ықпал етті. Мұнда құрылысшылардың саны 1928 ж. 21 мыңға, 1929 ж. 40 мыңға, ал 1930 ж. 50 мыңға жетті. Құрылыста істегендердің басым көпшілігі жергілікті тұрғындар болды. Құрылыс жұмыстары 1928 – 29 ж. өте қызу жүріп, 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ ст-нда Оңт. және Солт. жақтардың жолы қосылды. Осы кезеңге дейін Түрксібте 12 млн. м3 жер қазылып, 1644 км негізгі және бекеттік жол салынды. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал, т.б. өзендер арқылы темір көпірлер салынды. 1928 ж. Ертістің тар сағасында 11 күн ішінде 300 м-лік уақытша көпір, кейін 600 м-лік тұрақты көпір салынды. Түркістан - Сібір Темір Жолы жоспарлы мерзімнен бір жыл бұрын, 3 жыл 9 айдың ішінде аяқталды да, 1931 ж. 1 қаңтардан бастап тұрақты пайдалануға берілді.

1941 жылдың 24 маусымында 18 сағатта ҚЖХК еліміздің, соның ішінде Қазақстанның теміржолдарындағы пойыздар қозғалысын айрықша әскери жұмыс кестесіне ауыстырды. Онда бірінші кезекте әскери эшелондармен, әсіресе, мобилизациялық іс шараларымен байланысты жүктердің өте жылдам қозғалысы қарастырылды. Жолаушы пойыздарының, сол сияқты қорғаныстық мәні жоқ тасымалдардың қозғалысы едәуір қысқарды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Цωετοζεκ
09.02.2020 13:05

Қазақ мәдениетінде 3, 7, 9, 40, 13 сандары ерекше мәнге ие болып есептеледі.  

Үш саны. Мысалы: «үш би», «үш бәйтерек», «үш артық», «үш жамандық» — деген сияқты. Халқымыз әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген. Сондай-ақ әр санды орнына, маңызына қарай қолданған.

Жеті саны. Жеті санымен байланыстырылып айтылатын ұғым дәстүрімізде де, тілдік мәдениетімізде де көп сақталған. Соның бірі — жеті амал. Жеті амалға табиғат құбылыстарын жатқызады. Одан кейін, «жеті ғашықты» айтамыз. «Жеті жарғы» деген Атазаңымыз тағы бар. Жеті санымен бірге айтылатын сөздің тағы бірі — «Жеті жетім», «Жеті жоқ» деген сөздер бар. «Жеті қазына», «Жеті мүше», «Жеті тылсым», «Жеті жұт» сияқты тілімізде, қазақтың тұрмыс-салтында сақталған әдет-ғұрыптық атаулар өте көп.

Тоғыз саны. Бұл сан араб мәдениетімен, дінмен байланысты енген. Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», » Тоғыз әйелдің толғағы бір күнде келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқа қию», «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз сияқты сөздер тегін шықпаған болу керек.

Он екі саны. Сандар әлемінде қытай мәдениетінен енген бір дүние бар. Ол — «он екілік жүйе». Қытайлар ерте ғасырларда «он екілік жүйені» қазақтарға ұзатқан қыздарымен бірге сыйлаған. Қазіргі бүкіл әлем қолданып жүрген бір жылдағы он екі айлық жүйе, сағаттағы » он екілік жүйе» — міне осы.

Қырық саны. Қазақ мәдениетінде құдіретті сан. Қырықтың басқа сандардан ерекшелігі – «оның сокралдық мәні шамандықтардан бастау алады» — деген зерттеу бар. Өйткені, шамандық сенім бойынша, адамды қырық күн бойы емдеу, қырық түрлі шөпті араластырып жасаған дәрі ішкізу, оны қырық күн бойы ішу деген сияқты ислам дініне дейін 40 санына деген сенім мәдениетімізге тастай сіңген.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота