Yulia27082017
13.08.2020 14:37

Сабақтас құрмалас сөйлем бойынша тест
1. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Ұстазы бейілді болса, шәкірті зейінді келеді.
В) Ала сауысқан бұтақтан-бұтақтан қонып, шықылықтай берді.
С) Енді әзіл әңгімеге кірісе бергенде, ауыз үйдің есігі шалқасынан ашылды.
Д) Сәкен екі-үш күнге дейін үйін көрмеді.
Е) Балалары тілін алмай, араздаса беріпті.

2. Мезгіл бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
А) Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұнын аяғы жақсылықпен тынбас еді.
В) Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, тұла бойым тік тұрды.
С) Таңертеңнен бері Алматының аспаны ашылмай, жаңбыр төпеп жауып тұр.
Д) Мен айтсам, ерегісіп тыңдамайды.
Е) Аяғының сырқырағаны басылар ма екен деп, ол тізесін отқа қыздырады.
3. Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Төбені шытынатпай тұтас ұстау үшін, төбеге арқалықтар тегіс тиіп тұру керек.
В) Ол өзін-өзі тоқтата алмай, мәуені тағы да жеуге кірісті.
С) Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.
Д) Бүгін қара жел басталысымен, қиыршықтап қар да түсе бастады.
Е) Осындай қалың жұрт батысқа қарай ағылып бара жатса, көптің бірі болып біз де араласып кетеміз.
4. Сабақтастың қай түрі?
«Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып
тұрады».
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы
С) қимыл-сын бағыныңқы
Д) шартты бағыныңқы Е) себеп бағыныңқы
5. Бағыныңқысының баяндауышы «ғанмен» тұлғалы сабақтастың қай түрі болады?
А) мақсат бағыныңқы В) мезгіл бағыныңқы
С) қарсылықты бағыныңқы
Д) қимыл-сын бағыныңқы Е) шартты бағыныңқы
6. Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты.
В) Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қанталайды.
С) Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық.
Д) Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек.
Е) Қолынан келер басқа жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат берді.
7. Мезгіл бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Араларына түсетін арашасы болмай, екеуі де шаршады.
В) Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, қуанып Майра келді.
С) Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен.
Д) Кедір-бұдыр жермен дөңгелектері тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді.
Е) Аяжан тыңдасын деп, теледидардың дауысын күшейттім.
8. Қимыл-сын бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жанар отырған жерге барды.
В) Сәкеннің сәлемін айтқанда, Имантай жылы жымиды.
С) Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты.
Д) Көктемнің желі соға бастасымен, маңайдағы қар ери бастады.
Е) Ербол біліп қоймасын деп, Әлібек әдейі үндемеді.
9. Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз.
А) Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын.
В) Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз сайдың ішімен кеттік.
С) Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар.
Д) Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлеп отты жандырды.
Е) Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келді.
10. Аралас құрмаластың құрамында қарсылық мәнді сөйлем болса, қандай тыныс белгісі қойылады?
А) үтір В) нүктелі үтір С) қос нүкте
Д) сызықша Е) үтір және сызықша

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kychymm
03.11.2021 05:53

Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. [1].

Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.

2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;

а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);

ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның қатаң түрі);

б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;

в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;

г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";

т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
yakuninvitalii
13.12.2022 10:20

толықтай келiсемiн

Объяснение:

өйткені Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота