Александра24х4
22.08.2021 06:07

ТЫҢДАЛЫМ ОҚЫЛЫМ
«тапсырма.
Мәтінді тыңда. Оқы. Түсінгеніңді баянда.
Бір атаның балалары
(үзінді)
Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, - деді басқарма. — Өздерің
білесің, мен: «Жұмысшы әкелем!», — деп кеттім Үкімет біздің Бұлғыртау ауда-
нының тоғыз қолқазына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен
барғанша ересектерін бөліп әкетіпті. ... Менің әкелгенім – алты-ақ бала. Бәріңе
жетпейді. ... Əзір қолда барын Құдай жолымен бөлем...
...Ал, Дәуренбек, — деді басқарма. — Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-
жайын айт.
Стройдың басында тұрған екеу — қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алты-
да. Мынаусы — Ертай, анаусы — Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар
баласы, аты — Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара —
Әйел бала, қалмақ ядүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты — Яков, тоғызда,
қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, бірақ документте: «орыс», – деп
жазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа
алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман: немІС.
Бұл баланың орны — детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз
қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған
жайы бар.
Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады.
Мен осы мықтының өзін қаладым. ...Баламның атын айт.
— Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз! — деді Дәуренбек Мырс етіп.
— Е, жөн-ақ, — деді Ахмет ақсақал. — Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жур
үйге, кеттік. Апаң күтіп отыр...
Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид
Вагнер ертеңіне таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып оянды.
(Мұхтар Мағауин) найти глагол ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Sekureti556
22.05.2022 23:38

Мұқағали Мақатаев.

Мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның шын аты — Мұхаметқали, бірақ ата-анасы пайғамбар атымен жүру ауыр тиеді деп сәби күнінен "Мұқағали" деп еркелеткен екен.

Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады. Жастайынан әдебиетке құштар болып, алғашқы өлеңдерін 14 – 15 жасынан бастап жаза бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы 1949 жылы “Советтік шекара” газетінде жарияланды. Ал алғашқы жыр жинағы 33 жасында шыққан екен.

Аз ғұмыр кешкенімен бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын жазған. Бүгінде лирик ақынның 1000 – нан астам өлеңі мен поэмасы қалды. Ал жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады.

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі басты тақырыбы туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары болды. Осы айтылғанның бәрін Мұқағали тек өзіне ғана тән қайталанбас шеберлікпен, асқан поэтикалық үйлесіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, артынан келер ұрпаққа өлмес мұра ретінде қалдырған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Tiktak222
19.12.2021 04:58

Жері байдың елі бай

«Жері байдың елі бай» демекші , қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Еліміздің әрбір жерінде неше түрлі кен орындар,пайдалы қазбалар өндіріледі.

Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады.

Сарыарқа мен Атырау, Алтай мен Қаратау қойнаулары алтын сандық іспеттес. Қазақстан қазба, қазына байлық жағынан дүниежүзіндегі ең бай деген 10 елдің ішіне кіреді.

Қазақстан әлемде вольфрам, қорғасын, барий қорынан 3 орын, мыс мөлшерінен 4 орын, уран рудасынан 5 орын, темір 7 орын, қалайы мен никельден 8 орын, көмір мен газ қорынан 9 орын алады. Мұнай қоры жөнінен Парсы шығанағындағы елдер, Латын Америкасы, Ресей, АҚШ кейінгі 13 орында алады. Қазақстанның геологиялық құрылысы даму ерекшеліктері пайдалы қазбалардың түзілуіне әсер етті. Пайдалы қазбалар 3 топқа бөлінеді:

1. Жанатын

2. Рудалы

3. Рудасыз

Жанатын пайдалы қазбалар көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі.

Рудалы пайдалы қазбалар көбінесе кристалды тау жыныстарында болады.

Рудасыз пайдалы қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі.

Қазақстанда 6000 нан астам пайдалы қазбалардың кен орындары бар.

Еліміз өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота