Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария(ға) немесе бала(ның) атасына, әжесі(не) немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман(да) балаларға көз тию(ден) немесе жын-шайтан(нан) сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар(на) байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер. таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық(тың) әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.
ответ:Энергия үнемдегіш шамдар қыздыру шамдарына қарағанда қысқа толқынды, әрі көк компоненттерге толы болып келеді. Бұл қысқа толқындар көздің торлы қабығының рецепторын зақымдайды, сонымен қатар, көздің көру қабілетінің төмендеуіне алып келеді. Шамның жоғарғы қуатпен жарқырауы көру мүшесі арқылы орталық жүйке жүйесіне артық салмақ түсіреді. Өкінішке орай, энергия үнемдегіш материалдарды қолдану барысында мұндай жарқыраулардан құтылу мүмкін емес. Сол себепті басы жиі ауыратын адамдар үшін мұндай шамдар тиімсіз, әрі ол бас ауруының жиілігін одан сайын күшейте түседі. Шамнан түсетін көк жарықтың құрамындағы гипофиз бен мелатонин иммундық және эндокриндік жүйенің бұзылуына алып келеді. Люминесцентті шамдар жарықты бірқалыпты таратпайды. Сондықтан да бөлме ішіндегі дискомфорт бұзылып, адам өзін жайсыз сезінеді. Оны күнделікті тұрмыста өзіміз де байқап жүрміз. Люминесцентті шамдармен жарықтандырылған бөлмелерде ұзақ отырған кезде адамның ұйқысы келіп, басы ауыра бастайды. Электр энергиясын үнемдейтін шамдардың құрамында өте қауіпті химиялық сынап болады. Бұл элемент шам сынған кезде ауаға таралып, адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян әкеледі. Нәтижесінде адамның жүрегі айнып, басы айналады.