kuchatrupov47
02.05.2021 08:48

[1]
3. Мәтінді мұқият тыңдап отырып, бос орындарға тиісті сөздерді жазыңыз.
Жігіттің бойына сіңірген қасиеттер [1]

4. Сұраққа жауапты 5 сөзден артық жазбаңыз.
Мәтіннің идеясы [1]

5. Сұрақтарға мысалдармен жауап беріңіз.

Қазақ халқында ұл баланы кімдер және қалай тәрбиелеген?
Қыз баланы кім тәрбиелеген және дұрыс тәрбие беру кімнің қасиеттері болған?

[1]

ІІ. Оқылым
І-мәтін
Күн жылына бастады. Бірнеше рет шағырмақ жақсы күндер болып, әр жердің қары тесілді.Ойдым-ойдым қара жерлер көріне бастады.
Жылы күн ұйқыны көп келтіреді, тамақтың артынан бойды көп сергітеді, етті шымырлатады. Ақ қасқыр да ойыншы бола бастады. Өзі келіп Көксеректі иіскеп, жалай беретін болды. Қайта-қайта Көксеректің үстіне артыла береді, ыңырсып тістелеп те қояды.
Көк молайып жаз шыққан соң, екі қасқырдан Қараадырдың елі сап болды.
Қараадыр сыртында елсізде екі үлкен ащы көл бар. Соның аралығындағы қалың шидің ішінде ескі ін болатын. Көксерек пен ақ қасқыр сонда. Жақын жерде — қамыс, одан әрі — көл. Қауіпсіз. Адам көзінен алыс жер, бастап келген — ақ қасқыр.
Бұл кезде Көксерек басқа жақтағы елді ториды. Ақ қасқыр ін маңында болады.
Бір күні екеуі бір қозыны жеп келе жатыр еді. Індерінің үстінен көп үлкен жаулар кетіп барады екен. Қамыс арасына бүқты. Жау озған соң інге келді. Бір-ақ қана күшік қалған, бүралып тұра алмайды, арт жағын баса алмайды. Ақ қасқыр тістеп әкеліп қамысқа тықты. Екеуі қайтадан Қараадырға бет қойды. Жарысып, кезек-кезек озысып отырып келіп, даладағы қойға тиді. Түн баласында құлын жеді, тай жеді.
Тыным алмай баяғы іздерімен баяғы елді қайта қан қақсатты. Бұрынғыдан жаман құтырды.

ІІ-мәтін
Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті. Бірақ қасқыр есейген сайын бостандықты сағынады. Ауыл тұрғындары Көксеректі жақтамайтұғын.
Құрмаштың нағашысы Қарадыр қасқырының, оның көзін ашқан екі күшігін өлтіріп, ең кішісін ауылға алып келеді. Құрмаш қасқырдың бөлтірігін асырап алады. Қасқырдың күшігін ауыл төбеттері күнде талайды. Бір жыл өтеді. Көксерек өседі. Барлық төбеттерді талауға шамасы жетеді. Сол кезде ол өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын итті талайды. Көксерек тамаққа тоймай талай қазандағы еттерді жеп кететін. Ары қарай Көксерек көкжал болады. Ол далаға, алысқа кетеді. Ауылға қайтып оралмайды. Ол бір ұрғашы қасқыр кездестіреді. Содан кейін екеуі бірге азық тауып өмір сүреді. Қатты боранда ол 7 аш қасқырды кездестіреді. Көксерек солармен бірге бір күнде ауылдың бір үйір жылқысын жеп кетеді. Қарындары ашқанда жылқыға, қойға шабуылдайды. Ауыл адамдары қатты ашуланады. Бір күні Құрмаш атасы ауырып қалғанда боранда қой бағуға шығады. Сол кезде Көксерек пен жанындағы 8 қасқыр сол қойларға шабуыл жасайды. Атпен жүрген Құрмаш оларға қарсы шығамын деп, аттан құлайды. Құрмашқа Көксерек шабады. Ол қасқырды оның бір құлағының астындағы енінен таниды. "Көксерек" деп шақырады.

1. Қай тақырып екі мәтінге де ортақ?
А) Ит асырап алу
В) Ауылдағы тыныс-тіршілік
С) Қасқырдың малға жабуы
Д) Қараадыр қасқыры [1]

2. Екі мәтіннен мына сөздердің синонимдерін табыңыз.
А) Бөлтірік
В) шалғай [1]

3-4. Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз, кестені толықтырыңыз.

1-мәтін
2-мәтін

Түрі, жанры

Стилі

[2]

5. Сұраққа жауап беріңіз.Егер сіз автор болсаңыз , әңгімеге қандай өзгеріс енгізер едіңіз?

__[1]

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
герман123344444
12.06.2021 04:17
Дос деген қиындықта сыналады, оның шын дос екеніне сонда көзің жетеді,- деп естуші едім. Егер ол дос болса, оны сынап қажеті не,-деп ойлаушы едім. Менің досым - Данияр өз ісімен маған өзінің шын дос екенін мен күтпеген, ойламаған жерден дәлелдеді. Ал, мен болсам алғашқыда оның жақсылығын түсінбей одан теріс айналдым. Түсінікті болу үшін бәрін басынан бастайын. Біз, Данияр екеуміз кішкене күнімізден доспыз, балабақшадан бастап, қазір бір сыныптамыз. Екеуміз де жақсы оқимыз, тәртібіміз де жақсы. Мен биылғы оқу жылында сабаққа көңіл бөлуді азайттым, көбіне компьютерлік ойындар ойнап, планшетте отырғанды ұнататын болдым, үлгірімім кілт төмендеді. Досым маған бірнеше рет ескертіп, үлгірімім туралы ата-анама айтатынын білдірді, мен құлақ аспадым. Бір күні ата-анама айтты, мен оны сатқындыққа санадым, онымен дос болғым келмейтінін айттым. Сонда ол маған оқудың маңызын, біздің болашаққа жолдамамыз біліміміз екенін жақсылап түсіндірді, "дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" мен саған дос болғандықтан сен күмілжіп, сабақ айта алмай тұрғанда, менің жаным ауырады, -деп өзінің мен үшін қатты қиналатынын айтқанда, мен өз қателігімді түсініп кешірім сұрадым. Досымның дер кезіндегі ескертуін естен кетпес жақсылық деп санаймын. Рахмет, досым!
0,0(0 оценок)
Ответ:
natashakuznecz1
19.06.2020 08:01
Әрбір мәдениет ерекше және өз бойына салт-дәстүрлерді сіңірген, оларды ашып, біз басқа адамдары жақын танимыз. Осының бәрі бізді өзіне қызықтырып, таңғалдырып, тартады.
Егер сен саяхаттағанды ұнататын болсаң біздің Павлодар облысына міндетті түрде келуің керек. Павлодар облысы Қазақстанның ең үлкен өзені Ертістің жағасына орналасқан. Жазда достарыңмен немесе ата-аналарыңмен жергілікті жағажайға баруға болады- ол жер өте көркем.
Және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябаққа баруды ұмытпаңыз. Ол Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи  аймақтарына  кіреді. Баяауыл туристердің жақсы көретін жерлерінің бірі. Саябақ аймағында көптеген үйлер, демалыс орындары бар. Саябақта қолдануға болатын демалыс түрлері бірнешеу, суға түсу, тауға серуендеу, тауға көтерілу, тау велосипедтерімен жүру. Көптеген демалыс орындарында туристік экскурсия болады, оған аздаған ақы төлеп, саябақтың қонақжайлылығын көруге болады- "киелі үңгірді", "тас басты"(мыстан кемпірді), "еркектердің мақтанышы"тасын тағы басқаларды.
Негізгі суға түсетін орын Жасыбай көлі, ең таза, мөлдір, басқа көлдермен салыстырғанда. Онан басқа оның жағасынан әсемдік ашылады. Тек осы көлдің жағасында ең көп демалыс аймақтары бар, ал суға түсуге катамарандар, қайықтар прокатқа беріледі.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота