snakesap
25.09.2022 23:06

Мәтіннен тілек мәнді сөйлемді теріп жазып, олардың мағынасын анықтаңыз.

Ел аузынан
Шапқыншылық кезіңде сыр бойының қалаларының біразы жоңғарлардың қол астында қалады. Ел басшылары жиналып, қалай құтқарудың жолын қарастырады. Сонда Қарабек батыр: "Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ", – деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі,
Жаудан бұққан немені,
Ортасынан қуса игі, –
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді.

2. Автордың қалауын нақты сөйлемдермен, қалау рай формасында келтіріңіз.
М.Әуезов: «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өкінішке орай, бұл кезде ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді», – деп жазады. Абай туралы ұзақ уақыт материал жинаудың қиындығын былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының харекетімен салыстырар едім. Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды. Алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым».

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
borisowskyleff
14.08.2021 03:21

если тебе на казахском языке,то держи(надеюсь )

тұмар (томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі,массагет халқыныңбайырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. себебі грек оның елін "массагет" деп атайды. тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы кирдің (ж.ж.с.д. 558-530.) орта азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты

0,0(0 оценок)
Ответ:
КапитанПрайс3000
14.08.2021 03:21

Тұмар (Томирис) (ж. ж. с. д. 570-520) - массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы.

Басқаруы

Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, "жеңілуді білмейтін" деп дәріптелген "өлместер" әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.

Патшайым Томирис, Andrea del Castagno, 1450 ж.

Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.

Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның (ж. ж. с. д. 558-530) ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.

Томирис кирдің басын қанға матырды Alexander Zick (1845-1907)

Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді.

Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш.

Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды.

Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота