3)Сәлем,Евгений!Қалайсың? - Сәлем,Алма!Жақсы,өзің ше? - Менде де бәрі жақсы.Қалай қазақ тілін толығымен меңгеріп болдың ба? - Әрине,жоқ.Қазақ тілі өте бай,әсем әрі күрделі тілдердің бірі ғой. - Дұрыс айтасың,достым.Сенің қазақша сөйлеуің жақсарыпты.Сендей досым барына мен мақтанамын.Жарайсың! - Рахмет,Алма! - Біздің еліміз,Қазақстан,көпұлтты мемлекет қой.Елімізде сен секілді өзге ұлт өкілдерінің саны 130-дан асатынын білесің бе? - Ия,естігенмін.Олардың ешқандай даусыз бірлікте өмір сүріп жатқандығы таңқалдырады. - Қазақ халқы ежелден қонақжай,ақкөңіл.Осындай елде сен секілді өзге ұлт өкілдерімен өмір сүріп жүргендігіме қуанамын. - Мен де.Олардың бәрінде өз тілдері,діндері,мәдениеттерә бар болса да,қазақ тілін сүйіп,қазақша сөйлеп,мәдениетін меңгеріп жатыр.Осы бейбіт күніміз ешқашан тоқтамасын! - Ия,дұрыс айтасың.Ал ендеше менің мектепке баруым керек.Келесіде кездескенше! - Жарайды.Сау бол!
Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Бұл дегенің - жақсы өмір сүруге алған құқығың. Жұмыр жерде өлшеулі өмірді бейбіт елде өткізгенге жететін бақыт бар ма екен?!
Таңертең ұйқыдан оянып, жалғанды жалпағынан басып, біріміз сабаққа, біріміз жұмысқа кетеміз. Үрей атаулыдан аулақ, емін-еркін тірлігімізге кірісеміз. Өзге елдің табалдырығын аттасақ, "Біз - Қазақстан деген тәуелсіз елденбіз" деп мақтанышпен айтамыз. Тәуелсіздік әрбір адамның өмірімен біте қайнасып жатады. Сіздің отырған-тұрғаныңыз, жүріс-тұрысыңыз, ішкен асыңыз уайымсыз өтеді.
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным
Объяснение:
Я старалась: (