2003247
10.11.2021 10:43

1-мәтін

Қыс қатты. Қар қалың. Қасқырды қар көтереді. Атты көтере алмайды.

Мұның бәрі екі қасқыр жайындағы Қараадыр елінің аңыз-әңгімесі еді. Жиын болып

көпшілік бас қосса, көп әңгімелері екі қасқыр жайында болатын. Көксерек семіргенде, ірілеп

өскенде — осындай даңқ, атақ ішінде семіріп, өсіп келе жатыр еді. Осы күйлердің бәрімен

қатар, Көксерек оңашада елсізде қатты ойыншы болатын. Түс кезінде, я таңертең бір малды

тасада аунатып жеп алып, елсіздегі қашандау жатақтарына қайтады. Сондайда ақ қасқыр

жүрістен талып келіп тынығып жатса, Көксерек айналасында қар боратады. Жүгіріп

екпіндеп кеп тістеп өтеді. Басынан асып аунап түседі, кейде ақ қасқыр ырылдап тісін

сақылдатып, құлағын жымитып, ашумен тап береді. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап

гүр-гүр етеді. Кейде секіріп кеп ақ қасқырдың желкесінен қапсыра тістеп алып, қысып

тұрып-тұрып барып қоя береді. Екеуі осыдан әрі ұзасып барып таласпайды. Артынан

Көксерек қайта ойнайды.

2-мәтін

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінде ауыл баласы Құрмаштың қасқырдың

күшігін асырап алуы жайында. Қаламгер туындысында табиғаттағы тағылық заңы, адам мен

жан-жануар арасындағы шекараны шебер суреттейді. Көксеректі күшік кезінен

қамқорлықпен құшағына алып, мәпелеп өсірген Құрмаш сүйкімді бөлтірігін кімнен де

болсын қорғаштағанымен, ауыл ақсақалдары қасқырдың бөлтірігінен секемденіп, тағылық

заңның өзгермейтінін бала Құрмашқа түсіндіруге тырысады. Әйткенмен, өсе келе далаға

қашып, бірнеше күн қатарынан бой көрсетпеуге дағдылана бастаған Көксерек арада біраз

уақыт өткен соң бір топ қасқырды бастап, өзге ауылдармен қатар Құрмаш ауылының

қойларына да шабуыл жасай бастайды. Мұның арты Көксеректің қой бағып жүрген

Құрмашқа шауып, қамқор болған иесін өлтіруіне ұласады. Адамзат пен жануар әлемінің

заңы басқа және ол тоғыспайды да. Тоғысқан жағдайда, артының жақсылыққа апармасын

әңгімеден ұғынғандаймыз. ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
8479
01.11.2020 15:12
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
НекоТянка6a
12.07.2021 07:58

ответ

Қайырлы күн

- Қайырлы күн

- Сіз қай кітапты іздеп жүрсіз?

- иә, міне мен А.Чеховтың әңгімелерін іздеп жүрмін, олар махаббат көп дейді

- Ия, мен сізбен келісемін, бірақ Бунин Чеховтан алыс емес.

«Мен оқымадым, бірақ Буниннің айтуы бойынша, ол махаббаттың қасірет болуы керек деп санайды деп естідім?»

- Ия, оны оқып шығыңыз, сізге ұнайтын болады.

- Сізге үлкен рахмет, бірақ Чехов әлі күнге дейін мен үшін.

- Ия, ризашылық білдіретін ештеңе жоқ, жақын арада көрісеміз

- кездескенше  

добрый день

- добрый день

- Какую книгу ты ищешь?

- да, здесь я ищу рассказы А. Чехова, говорят, любви много

- Да, я с вами согласен, но Бунин не отстает от Чехова.

- Я не читал, но слышал, что он считает, что любовь должна быть трагедией, по мнению Бунина?

- Да, прочитайте это, и вам понравится.

- Большое но Чехов все равно для меня.

- да не за что благодарить, до скорой встречи

- до скорой встречи

Объяснение:

На русскам и каз яс

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота