thefirststudent
14.02.2023 21:15

Зделайте умоляю!
ДАЮ
11 ТАПСЫРМА​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Mom34
03.03.2020 16:27

Бүркеншік ат , лақап ат, псевдоним (грек. pscudos — жалған, опута — есім) — автордың өзінің шын есімін ауыстырып қолданатын ойдан шығарылған есімі. Бүркеншік атқа қоғам қайраткері, жазушылар, суретшілер мен артистер түрлі себептердің салдарынан иек артқан: цензураның ізіне түсуінен жасырыну үшін, авторлық және шығарма бағасын айқындау үшін қолданған (әдеби маска). Сондай-ақ, алғашында өзінің суреткерлік қарымына сенімі нық болмаған жағдайда, аттас адамдар кездескенде де Бүркеншік ат қолдануы мүмкін. Шәкәрім Құдайбердіұлы кейбір шығармаларының астына “Ұмытылған” деп қол қойған. Ә. Бөкейханов өзінің бірқатар зерттеу, мақалаларына “Қыр баласы”, “Арысұлы”, “Қалмақбай”, т.б. деп қол қойса, М. Әуезов “Қоңыр”, “Арғын”, “Жаяусал”, “Айғақ” деп қол қойған. Ұлы Абайдың алғаш өлеңдерін Көкбай ақын атынан жариялауы Бүркеншік ат пайдаланудың бір түрі. Бүркеншік ат түрлерінің елуден астам түрі бар. Мәселен, автордың туған жерін меңзеуі, (мысалы, Ә. Тарази), арғы тегін білдіру үшін (Мұстафа Өзтүрік), т.б. қолданылуы мүмкін. [1]

Бүркеншік ат әлем халықтарына кеңінен тараған. Мысалы, Дж.Свифтің 70-тен, В. Скоттың 160-тан астам Бүркеншік аттары болған. Кез келген автор Бүркеншік атпен шығарма жазуға хақылы. [1]

Бүркеншік ат авторлық құқық бойынша қорғалады және автордың келісімінсіз оның Бүркеншік атын жария етуге ешкімнің хақысы жоқ. Өткен ғасырдың ортасында Россияда Козьма Прутков деген жазушы есімі пайда болды. Ал оның шығармалары өзінше бір қызық дүние еді. Козьма Прутков қандай мәселені толғамасын(расында да ол ерекше бір паңдықпен терең толғанғанды, әсіресе ақыл айтқанды өте жақсы көретін), оның жазғандарынан көтере әсірелеу мен даңғойлық лебі есіп тұратын. Оған ішек-сілесі қата күлген оқырман қауым, апыр-ау, Козьма Прутков деген есуас кім болды екен деп таң-тамаша болатын.

Ал шындығында, Козьма Прутков деген ешқашан өмірде болып көрген жан емес-ті. Өздері ойдан шығарған осы атпен үш жас ағайынды А.М. және В.М. Жемчужниковтар баспа бетіне өз шығармаларын жариялайтын болған. Керенаулықты, топастық пен тоғышарлықты әжуалау үшін бұл үшеуі өздеріне ортақ Козьма Прутков деген бір бүркеніш ат жамылған-ды.

Осыған тағы бір мысал.Сендердің біраздарың Кукрыникстердің ғажайып сатиралық суреттері, сондай-ақ ірі картиналарымен таныс болуларың мүмкін. Ал Кукрыникстер - бұл да совет суретшілері М.В. Куприянов, П.Н. Крылов және Н.А. Соколовтың бүркеншік аты.

Бүркеніш атты, яғни ойдан шығарылған лақап атты көбінесе өнер адамдары: жазушылар, ақындар, суретшілер мен артистер жиі қолданады.

Мысалы, жазушыға өз аты-жөнінің дыбысталуы құлаққа жағымсыз не күлкілі болып көрінуі мүмкін, содан барады да ол кітабын бүркеніш атпен жариялайды. Актерге ең қажеті - өз есімінің тілге жеңіл айтылуы. Өйткені, оның аты-жөні, сахнадан немесе радиодан жиі айтылады ғой. Осындайда қырсық қылғандай фамилиясы бірден айтуға өте қиын, күрделі болса қайтпек? Сондықтан ол жұмысты оңайлату үшін басқаша, жеңілірек фамилия таңдайды. Кейде мынадай да жағдай болады: ақын өз өлеңін құпия сақтайды, оны кім жазғанын жұртқа білдіре бергісі келмейді. Сол себепті ол өлеңін бүркеніш атпен бастырады.

Өнер адамдарын бүркеніш ат жамылуға мәжбүр ететін жайттар өте көп болуы мүмкін. Ол олардың өз еркі, өз құпиясы. Ал енді бұл құпияны олардың өз рұқсатынсыз ешкімнің ашуға, әйгілеуге хақысы жоқ.

Сендер талай рет бүркеніш атпен ұшырасқан да шығарсыңдар. Бірақ оның бүркеніш ат екенін әр кез біле беру кімге де болса оңай емес. Мысалы, Максим Горький - жүзіне белгілі есім. "Чук пен Гек", "Көгілдір шәшке", "Тимур және оның командасының" авторы Аркадий Петрович Голиковтың жұртшылыққа танымал болған бүркеніш аты - Гайдар. "Гайдар" монғолша - "әрқашан алда жүретін сарбаз" дегенді білдіреді. Осынау асқақ ат жазушы әрі Революция солдатына жарасымды-ақ!

1905 жылғы Бірінші орыс революциясынан бірнеше жыл бұрын Ефим Александрович Придворовтың өлеңдері жарық көре бастады. Ол оны Демьян Бедный деген бүркеніш атпен жариялады. Ақынның мұндай атты таңдай себебі - өзінің кедей ақыны, жұмысшылар мен шаруалар ақыны екенін аңғарту еді.

Дереккөздер

0,0(0 оценок)
Ответ:
bossobychnyy
17.01.2020 07:25

Олимпиадама тұңғыш чемпион Жақсылық Үшкемпiров.

Қысқаша өмір жолы 

Жақсылық Үшкемпіров  1951 жылы Жамбыл облысына қарасты Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтына түсіп, зоотехникалық мамандықты таңдаған. Жақсылық Үшкемпіров 1974 жылы институтты тәмамдап, қазақ жеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен Алматыға ат басын бұрады. Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан ол жоғары оқу орнында білім алып жүріп, күрестің классикалық және еркін түрлерімен шұғылдана бастаған. Роман Хасанұлы Ильматовтың кеңесімен  1970 жылдан бастап, өзіне таңсық күрестің жаңа классикалық түрімен айналысуды жөн көрген. Әр спортшының өзіндік құпия тәсілдері болады емес пе? Үшкемпіровтың де жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі - арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді балуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген. Жақсылық Үшкемпіров күрес кезінде өз қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шешетін. 1975 жылы Алматыда өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасында балуанның жолы болып, қазақ даласының ең таңдаулы боз кілем шеберлерімен белдесіп, бірін қалдырмай жеңіп, Спартакиада чемпионы атанады. Бұл Үшкемпіровтың бірінші алтын медалі еді. Бұл жарыстардан кейін де Ж.Үшкемпіров қазақ елінің чемпионаттарында жеті дүркін жүлдегер атанған. Халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтпайтын ол Олимпиада ойындарына да жолдама алды.

Жұлдызды сәт

1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға – Олимпиада ойындары. Бұл ойынға қазақ намысын қорғау үшін бірталай спортшыларымыз ат басын Мәскеуге бұрды. Солардың арасында Жақсылық Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Александрович Писарев қана сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Міне,айқасатын сәт те келіп қалды. Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша, қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы  Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Бірақ, қарсыласын қырғидай қырған қазақ балуаны Ж.Үшкемпіров чемпион атанып, осы жарыста күллі әлемге ел атын асқақтатып қайтты.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота