1) Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі ( Отырар )
2) Алғаш рет "Отырар" және "Фараб" атаулары біздің занамыздың IХ ғасырындағы қандай деректерде кездеседі ?! ( жазба )
3) Отырар ХIII ғасырдың ортасында қай өңірлерде ірі сауда орталығына айналды ?! (Отырар ХIII ғасырдың ортасында Батыс пен Шығыс арысындағы жолда ірі сауда орталығына айналады)
4) Ұлы Жібек - жолы ненің кепілі болды ( өркениеттің)
5) Түркі қағанаттары қандай өркениетті ұштастыра алды ?! (Түркі қағанаттары жалпыадамзаттық өркениетті ұштастыра айтты)
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.