Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды.
Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен-саз күй деп аталады.
Бізге жеткен ең көне күйлер – күй атасы Қорқыттың шығармалары.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма», «Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш»), т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі.
Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVІІІ ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. ХІХ ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.
Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер тұрақты екпін мен өлшемде, оң қолдың тұтас сілтенуімен орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыс дауысты болып, оң қол саусақтарының ұшымен орындалады.
Қазақтың ең көне күйлерінің көпшілігі – қобыз күйлері. Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Жыраулар жырды қобызбен сүйемелдеп отырған. Қобыз күйлерінде бұрынғы бақсы сарындары да көп кездеседі. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.
Қазақтың ежелгі аспаптық музыкасы аса бай көркемдік тереңдігімен ерекшелігімен , рухани мәдениеттің құнды қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа жалғаса бермек.
Қазақтың халық аспаптық музыкасының бүгінгі күнге жетуіне атақты домбырашылар Дина Нүрпейісова, Оқап Қабиғожин, Науша және Махамбет Бөкейхановтар, Лұқпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Ғылман Хайрошев, Төлеген Аршанов Смағұл Көшекбаевтардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі. Негізінен 2 ішекті болып келеді. 3 ішекті домбыралар да бар. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспатың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды бақсылар құдіретті кш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды. Бұл қобыздың ішектері сымнан жасалады.
Геродот – тарих атасы (шамамен б.з.б. 484-425 жылдар). Геродот көптеген елдерге саяхат жасады. Ол Египетте, Вавилонда, Скифияда, Колхида мен Фракияда болған. Сондықтан оның еңбегі аталған елдердің тұрмысы, географиясы және этнографиясы туралы мәліметтерге бай. Табиғатында сенгіш Геродот тарихи шындықпен қатар естіген мәліметтерді де жинап жазған. Олардың бірі кейін дәлелденсе, екінші бірі күлкі тудырып отырған. Мысалы Египет туралы жазғанда гиппопотамды оның аталуына байланысты (грекшеден аударғанда – өзен жылқысы) суреттеп, жылқы секілді құйрық-жалы, тұяғы бар десе, өзі Индияда болмаса да ол жақта биіктігі иттей, алтын құмдарды күзететін, алтынды ұрлағысы келген адамдарды жеп қоятын алып құмырсқалардың болатынын жазған. Геродоттың шығармасы әлем тарихы болып табылады, себебі оның әр жаңа мемлекетті атауы – сол мемлекеттің тұрғындары, салт-дәстүрлері, діні, ескерткіштері туралы әңгімеге айналып кетеді. Мысалы Геродот шығармасы лидиялықтардың ионийлықтарды бағындыруымен басталады. Бұл оқиға Лидия тарихы туралы толық мәлімет беруге ұласады. Парсылық патша Камбизге, Египеттің тарихына, географиясына және этнографиясына тұтас бір кітап арнайды. Баяндау парсы елінің шекарасын үлкейткен Дарий патшаға жеткен кезде Геродот ел туралы мәліметтермен қоса патшаның әскери шабуылдарын атап кетеді. [1] Дарийдың Солтүстік Қара теңіз жағалауындағы скифтерге қарсы жорығы Геродотқа скифтер және олардың пайда болуы туралы қызық әрі анық етіп баяндап беруге мүмкіндік береді. Скифтерді басып алудың сәтсіз әрекетінен кейін парсылар Грекияны бағындырмақшы болды. Геродот Иондағы гректердің көтерілісі, парсылардың Балқан түбегіне жорығы және Марафондағы парсылардың талқандалуы туралы баяндайды. «Тарихтың» соңғы үш кітабы парсылардың Грекияны басып алу үшін жасаған жаңа әрекеттеріне арналып, Ксеркстің жорығы, Саламин аралындағы шайқастар, парсылардың Еуропадан біржола қуылуы жөнінде айтылады. Геродоттың еңбегі гректердің Дарданелладағы бір бекіністі бағындыруымен бітеді. Сол кездегі белгілі және ұсақ халықтар да аталған шығармада сипатталды. Материалдардың әр алуандығына, фактілердің көптігіне қарамастан Геродот ешқашан өз баяндамасының реттілігін жоғалтқан емес, сонымен қатар бір ғана мақсатқа жету үшін барлық амалдарды қолданды. Ол мақсат – Элладаның даңқын шығару болатын. Геродоттың көркем мәнері өзіне ғана тән. Ол иондық диалектіде жазды. Геродоттың ғылыми стилі халықтық ауызша баяндаудың новеллалық стилімен ұштасып жатыр. Тарихшының өз еңбегіне сыналап қосқан новеллалары да көп. «Поликраттың жүзігі», «Крез бен Солон», Арионның ғажайып құтқарылуы» деген новеллалары кейін жеке көркем шығармалар болып есептелді. Геродоттың еңбегін сол замандағы ойшылдар әртүрлі қабылдады. Мысалы, Ксенофонт Ктесий өзінің «Персия тарихы» деген еңбегінде Геродотты өтірікші деп көрсетсе, Аристотель оны ертегі авторларының қатарына жатқызды. Геродоттың жазған мәліметтеріне Феомп, Авгилий, Страбон және Лукиандар сенімсіздікпен қарады. Тарихшы Плутарх «Геродоттың жалғандығы» атты трактатында «Геродот шындықты ойлап тапты» деп жазды. Бірақ сол кезде атақты рим ораторы Цицерон Геродоттың универсализмін бағалай отырып, оны «Тарих атасы» деп атаған. Егер формальды түрде қарайтын болсақ, әлемдегі ең алғашқы тарихшы емес, тіпті антикалық кезеңнің тарихшысы болмаған, яғни ежелгі Грекияда пайда болған алғашқы тарихи трактаттар оның қолынан шықпағандықтан Геродотты «тарих атасы» деп атау дұрыс емес болуы мүмкін. Алайда, Цицеронның бұлай істеуінде, яғни оның ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан Геродот туралы барлық еңбектерінде үлкен бір шындық бар. Геродоттың логографтармен көптеген ұқсастығы бола тұрып, оның өзіндік, ешкімге ұқсамайтын ерекшеліктері де жетерлік. Геродоттың жазған оқиғалары – логографтардыкі тәрізді антикалық дәуір оқиғалары емес, өзінің дәуірінде болған, өзі соларға куә болған оқиғалар. Сонымен қатар тарихшы логографтарда болмаған Азия мен Еуропаның тарихи ойларын, дінге, құдайларға бағытталған бір-біріне мүлдем ұқсамайтын идеяларды біріктіріп, өз еңбегін көркем шығарма ретінде жазды.