Объяснение:
Алтын адам — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.
Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған.
Түйе сүті емдік қасиеті жағынан аса жоғары бағаланады. Себебі түйе сүті құрамында май, ақуыз, минералдық заттар өте көп. Оның құрамындағы жеке компоненттер өзгермелі болып келеді, яғни түйенің сауылу кезеңіне, жыл мезгілдеріне, жақсы қоректендірілуіне, түр және тұқымдық ерекшеліктеріне қарай үнемі өзгеріп отырады. Мамандар шұбатта ақуыздың бірнеше түрі (казейн, альбумин) және құрамында азоты бар қосылыстар мен аминқышқылдар кездеседі дейдіСәйкесінше, шұбатта ми мен жүйке жүйесіне пайдалы қант лактозасы, диабет, ісік аллергиясы, бауыр қабынуы мен псориозға қарсы дененің иммунитетін арттыратын антителалар бар.