RudiSlav
24.07.2022 21:03

Можно сделать попс на казахском попс на тему қасқырларды қолға үйретуге болмайды на эту тему

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ольдафіг
14.12.2021 13:47

Ақын Ілияс Жансүгіровтің өнер тақырыбына жазылған көрнекті поэмасының бірі – «Құлагер» қазақ халқының әйгілі өнерпазы, ардагер ұлы Ақан серінің өміріне арнады. Ақан сері – XIX ғасырдағы қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері. Ол дарынды композитор, ақын, әнші. Өзі өмір сүрген заманның әрқилы мәселелерін айқын өнер тілімен көрсете білген оның әдеби, музыкалық, әншілік еңбектері жайлы көптеген ғылыми-зерттеулер бар. Сол еңбектердің бәрінде де Ақан серінің асқан өнерпаздығы, халықтың рухани азығы болған тамаша поэтикалық, музыкалық шығармалар бергені айрықша атап көрсетіледі. Поэмадағы әр көрініс, әр оқиға өз орнында, ақынның құдіретті шеберлігімен олардың бәрі табиғи бірігіп, үлкен бір жарқыраған тұтас мүсінге айналып кеткен. Бұл поэманың сюжетін, композициясын құрудағы ақынның үлкен ұсталығын байқатса керек. Ақын бас кейіпкер өмірін бейнелегенде поэма жанрының шеңберінен аспай, осы жанрдың адам образын мүсіндеудегі көркемдік мүмкіншілігін белгілі дәрежеде ұтымды пайдаланғанын көреміз. Ол, ең алдымен, оқушы қауымды Ақан серімен біраз таныстырып өтеді. Бұл ретте ақын Ақан серіге кең көлемде мінездеме берген. Сол мінездеме арқылы Ақан серінің ұнамды тұлғасы анықтала бастайды. Ақан мен Батыраш айқасының нәтижесі поэманың соңында аян болады. Зұлым Батыраш өзінің жендетін жұмсап, бәйгеден озып келе жатқан Ақанның Құлагерін қанға бояп өлтіреді де, өз дегеніне жетеді. Ақанның жанын жаралап, өшпес қайғы-қасіретке көміп тастайды. Ежелден келе жатқан зұлымдықтың бұқпантайлап істейтін қанды әрекеті осылай болатын-ды. Ақан да сол жауыздықтың қанды шеңгеліне іліне барады. Өзінің жар астынан бұғып тұрып істеген қастандығын мойындамай жалтарған, көлгірсіген, оның үстіне ат бәйгесін алмақ болып тырысқан Батырашқа сол жердегі халық дүрсе қоя беріп, қарсы шығады. Поэманың тіл байлығы төтенше. Өзге поэмаларындағыдай, мұнда да ақын еркін төгілген, образды бейнеге бай құнарлы тілімен оқушыны бірден баурап алып, бастан-аяқ ғажайып эстетикалық ләззатқа бөлеп тастайды. Мұндағы ұмытылмас сұлу картиналар, айқын әдемі образдар, шындықтан туған романтикалық леп, бұлақша сылдырлаған нәзік лирикалық сезім, серпінді, кең, эпикалық құлаш, балы сорғалаған құнарлы бай тіл, ұйқасы сыңғырлаған кәдімгі он бір буынды қара өлеңнің мінсіз-мүлтіксіз үлгілері «Құлагер» поэмасын шын мағынасында поэзияның «сұлу сарайы», Жансүгіров шығармашылығының биік шыңы екеніне толық дәлел бола алады.

Қазақ халқы әнші ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Жасынан ән–жырға үйір ол қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік, сал, серілік жолға бейімделеді. Әдемі киініп, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Қасына өнерлі жігіттерді жинап, ел аралайды, сауық–сайран құрады. Қалың елді ғажайып әнімен баурайды. Бір уақ сейіл–серуенге шығып, саятшылық құрады. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние–байлыққа қызықпаған, оны мақсат та етпеген. Оның есесіне Құлагердей ат, Қараторғай мен Базар ала сияқты қыран құс пен тзы ұстаған. Ақан сал–серіліктің салтанатын аңшылық–саятшылық, құсбегілік мергеншілікпен ұштастырып, бір уақыт осыларды қызықтаған. Құс салып, ит жүгіртіп көңілін көтеріп, жанын жадыратқан. Сондықтан бір қатар туындылары осы тақырыпқа арналған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» ән өлеңі. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл Арқаға тараған Құлгер 1876 жылы Сағынайдың асынд қастандықпен өлтірілгені белгілі. Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолның алпуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қарабет–қастандық ақынның жүрегін жаралайды. Өйткені ер қанатына айналған атқа халық ерекше мән берген. Сондықтан бұл өлең ақынның ауыр жан күйзелісі, терең тебіренісінен туған. Өлеңде озбырлықтан зәбір көрген ақынның көкірегін кернеген қайғы–мұңы бар. Сондай–ақ ақынның көңіл–күйіндегі сан түрлі психологиялық өзгерістер де айқын байқалып отырады. Құлагерді қарап тұрған Ақан сері алдыңғы аттың түсінің өзге екенін байқап мазасыздана бастайды. Бір жамандықты сезгендей болады. Жел соқса қамыс басы майда деймін, Атыңды, ат айдаушы қайда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін?! Деген жолдарда бір үміт, бір күдік тай–таласқа түскендей болады. Ақан сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай басқа күйге түседі. Оның ой –сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Өлді деп Құлагерді естігенде, Бір тұрып, бір отырып ойбайлдым, – дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Құлагер дүбірлі бәйгеге қосылғн сайын Ақан серінің де, елінің де намысын асқақтата түседі. Сондықтан оны бүкіл Атығай, Қарауылға олжа салған жүйрік ретінде жоқтайды. Ердің де, елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болуы жалпақ жұртқа да оңай болмаған.

0,0(0 оценок)
Ответ:
LOxxx24124
07.06.2023 00:54

Менің қалам

Талдықорған қаласы - Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстың орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында (теңіз деңгейінен 570-600 м биіктікте), Қаратал өзенінің жағалауында орналасқан қала. Талдықорған - Алматы облысының орталығы.

Менің сүйікті қалам - Талдықорған. Ол маған өте ұнайды. Себебі, мен осы қалада тұрамын және білім аламын. Талдықорған- әсем қала! Оның жері кең, әрі байтақ, сонымен қатар, бұл жерде көп ұлтты адамдардың мекені деп айтса болады. Өйткені, бұл жерде басқа ұлттың адамдары тұрады. Атап айтатын болсақ: орыс, татар, өзбек, қырғыз, дүнған,ұйғыр, кәріс, қытай тағы да басқа ұлттың адамдары бар.  Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымы жақсы дамыған. С.Сейфуллин атындағы қалалық кітапхана, қалалық балалар кітапханасы, В.Маяковский атындағы кітапхана, М. Тынышпаев атындағы өлкетану музейі, І. Жансүгіровтің әдеби музейі, І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы, 7 халықтық көркемөнерпаздар ұжымы бар. Сондай-ақ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi, медицина колледжі, Қ. Байсеитов атындағы музыкалық колледж, агро-техникалық колледж, 3 кәсіптік-техникалық лицей мен мектептер, жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді. Қала аумағындағы республика және облыстық деңгейде қамқорлыққа алынған мәдени-архитектура ескерткіштері санатында "Даңқ" ескерткіші (1968 ж. салынған), "Атамекен" кинотеатры (1950 ж.), Пионерлер үйі (көркем-сурет галереясы, 1957 ж.), № 3 кәсіптәк-техника мектеп ғимараты (1958), Сән ательесі (1959), қалалык әкімшілік ғимараты (1950), Аяқ-киім фабрикасы (1952), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ғимараты (1975), Ақ мешіт (1996), С.Сейфуллин атындағы кітапхана (1982), М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкелік мұражай (1980), т.б. бар. Калада Б. Римова атындағы облыстық драма театры, ардагерлер хоры, қуыршақ театры, көркемөнерпаздар тобы жұмыс істейді.

күннен- күнге әдемі ғимараттар салынып, көшелеріміз кеңейтіліп, Талдықорған қаласының атына сай көптеген әдемі ағаштар отырғызылып, жайнау үстінде. Сонымен қатар айта кететін жайт, соңғы жылдарда қаламызды байыта түсетіндей бірнеше мектептер-білім ордасы ашылда. Соның бірі менің сүйікті мектебім. Мен осы мектепте оқығаныма өте қуаныштымың және оны мақтан тұтамың.

Талдықорған арқылы Алматы-Өскемен, Семей-Алматы, т.б. бағыттарға автокөлік өтеді. Қалада темір жолы стансасы 1949 ж. салынды. Одан Көксу, Текелі, Қарабұлақ темір жолы стансаларына жүк поездары қатынайды. Орталық Азия, Ресей мемлекеттеріне шығуға мүмкіндік беретін әуежай, теміржол станциясы бар. Жалпы мемлекеттік және облыстық маңызы бар автомобиль жолдары тораптарының жүйесі арқасында қала Қазақстанның басқа да қалаларымен, Орталық Азиямен, Ресеймен және Қытаймен байланысып жатыр.

Менің өзімнің сүйікті қалама тілейтінім және де болашақ өскелең ұрпаққа айтарым осы қаламызды атына сай етіп гүлденуі үшін бар күшімізді салайық дегім келеді. Яғни, біздің қаламызды таза ұстап, оқушыларды жақсы оқып, ата-анамызға көмектесіп жүрсек, ол одан әрі гүлдене түсетініне мен сенімдімін

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота