ответ:
бүгін сабақта мұғалім үй тапсырмасына бізге өздеріңнің армандарыңдағы үйдің сүретін салыңдар деп айтқан еді.мен өз арманымдағы үйді елестетіп көруді жөн көрдім.сөйтіп елестеткен үйім өте әдемі болды. елестеткен үйім жер үй болды және ол 2қабатты,үйдің жанында әдемі қызғылт гүлдер және үлкен әрі әдемі ағаштар және үй көп бөлмелі,үстіңгі қабатында көп терезелер.және мен елестеткен үйімнің суретін салуды жөн көрдім.өте әдемі болып шыға келді.келесі күні мұғалім үй тапсырмасын көрсетуді сұрады.мұғалімге қатты ұнағаны менің суретім болды.мұғалім маған бұл сенің болашақ үйің бе? деп сұрады.мен ия деп жауап бердім.мұғалім маған болашақ үйің әдемі екен деді.және мұғалім менің күнделігіме 5/5 деген баға қойып берді.және мен осы үйде шын өмірде тұратын боламын.
Алматының Абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. Бұл қаланың орталығында орналасқан. Мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады.
Дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. Заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. Мәселен:
Бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. Екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. Шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. Үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. Мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады.
Орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек адамдар.
Егер сіз олардың қазақша: «Маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «Қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. Алыңыз»,-деп жауап береді. «Маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. Бағасы қанша?»-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «Бәрін қосқанда 250 сом. Аласыз ба? Әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді.
Басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «Мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді.
Орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. Мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.