Менің туып, өскен жерім –Егемен ел Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз, жері кең, ұлан байтақ, егеменді ел. Қазақстан жерінің асты да, үсті де бай. Асты бай дегенім-көптеген қазба байлықтары, ал, үсті бай дегенім-Қазақстан жеріндегі бейбіт, аспаны ашық, қырандай самған, өмір сүріп жүрген қазақтарым.
Қазақстан Республикасының рәміздері - ұлт мақтанышы. Республикамыздың үш мемлекеттік рәміздері бар: ту, елтаңба, әнұран. Туда бейнеленген көк түс-көгілдір және ашық аспанымыз, ал, қыран біздің бейбіт, самғап ұшып жүрген бостандығымыздың бейнесі. Елтаңбада шаңырақ, қос пырақ, жұлдызша және «Қазақстан» деп жазылған таңба бар. Әнұран-әр қазақ баласының патриоттық сезімін тудырары хақ!
Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын! Қазақ болғаныма қуанамын!
"Дәріханада" тақырыбында диалог.
– Сәлеметсіз бе?
– Сәлеметсіз,маған нурофен,тамақ ауруына және температура түсіретін дәрі бере аласыз ба?
– Өзіңізге ме?
– Ия,өзіме.
– Олай болса тамақ ауруына сізге Стрепсилс алуға кеңес беремін.Температура және тұмаудың алдын алатын дәрілерден Колдрекс,Тера-Флю,Фервексті тұтынуға болады.
– Маған онда Стрепсилс лимон дәмімен және Колдрекс берсеңіз.
– Жарайды,Нурофен... Стрепсилс,Колдрекс...Барлығы 2520 тг болады.
– Мінеки.
– Саудаңыз үшін рахмет.Сауығып кетіңіз.
– Рахмет.