Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар адамға ортақ. Олай болса неге өзім де сүйікті қаһарманымдай болмасқа? Мен де Төстік сияқты бауырмал, көпшіл болып, сүйгеніме адалдық таныта аламын. Ол сияқты ата-ананы құрметтеп, оларға бақыт сыйлау міндетім. Ең бастысы, ол сияқты ақ адал болмысты, адамгершілігі жоғары адам болғым келеді. Менің сүйікті кейіпкерім маған тек жақсы жағынан үлгі болды
Келешектің мамандықтары
Мәтін бөліктерін дұрыс орналастырып, диалог құр.
– Сәлем, Зағира!
– Сәлем, Маржан, оқуың қалай?
– Жақсымын, мен инженер-математик мамандығында оқимын ғой, оқу өте ауыр, біраз қиналып жүрмін.
– Сен білесің бе, инженер, математик, сәулетші, биолог, ІТ-маман, бизнесті дамыту және сатылым менеджерлері үшін, аталған мамандық бойынша білім алушылар үшін тамаша жаңалық бар. Олар үшін алтын кезең тумақ. Сондықтан да сенің мамандығың сұранысқа ие, сен жұмыссыз қалмайсың.
– Иә, естігем. Ал өзге мамандықтар үшін ше?
– Олар үшін қиын уақыт басталады. Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары мына мамандықтарға деген сұраныс төмендейді: құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер.
– Сонымен қатар құрылысшылар мен жұмысшыларды да 3D принтерлер мен роботтар алмастырады екен.
БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. Сонда 3D принтерлер құрылысышылардың да 50%-ын жұмыссыз қалдырады.
– Ал жүргізушілерді жақын күндерде автопилот алмастырады екен.
– Мамандардың ойынша, ерте ме, кеш пе, роботтар көптеген мамандықта адамдарды алмастырады. Сонда адамдардың басым көпшілігі өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.
– Онда көптеген адамдар не істеуі керек?
– Кәсібилікке, қосымша машықтарға деген сұраныс та ұлғаяды, сондықтан оқу, іздену, үнемі даму үстінде болуы керек.
– Дұрыс айтасың. Үнемі ізденіп, біліктілігін көрсете алатын адамдар үнемі сұранысқа ие болар. Сенімен пікірлескен маған ұнайды.
– Маған да сенің пікірің өте маңызды, досым.
– Жақсы, кездескенше!
– Сау бол!