Главрыба
03.04.2021 09:42

Где слова бидай и канбак

Өзі қаңбақ болсын,
Онда қайдан салмақ болсын,
Тұрақтай алмай тегістікке,
Тірелді бір күн егістікке.
Бидайға қаңбақ тым қатты,
Дауыспен былай тіл қатты:
— Сен осы бидайсың ба?
— Бидаймын.
— Ақыл айтсам тыңдайсың ба?
— Тыңдаймын.
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай тұрысың?!
Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,
Не бар, не жоқты да сезбейсің.
Көктемде шығып,
Бастарың салбырап,
Күз болса бұғып,
Тұрғандарың маужырап...
Мен болсам міне,
Күні мен түні
Ұшарымды жел біліп,
Қонарымды сай біліп,
Сайран салып жүргенім,
Қызық өмір сүргенім...
— Ей, қаңбақ! — деді бидай,
Қанасына симай:
— Ашып айтсақ дұрысын,
Осы қай жүрісің?
Белгілі тұрағың жоқ,
Бас түгіл құлағың жоқ,
"Уф " десе қонасың,
"Суф " десе қонасың,
"Уф " десе ұшасың,
Қаңғырған қаңбақсың,
Кімге тұлға болмақсың ?
Біз болсақ міне,
Күні мен түні
Жинағанымыз дән,
Айналамыз толған ән...
Абырой да, бақ та,
Атақ та, даңқ та
Ерлік те, жеңіс те —
Барлығы осы егісте...
Бидайдың сөзі осымен бітті,
Қаңбақ жөніне зытты...
Дұрысын айтқан:
Бидай ма, қаңбақ па, —
Оны өздерің салмақта.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Диана05005
12.05.2020 10:20
Бауырсақ – қ шағымыздан бері сүйіп жейтін тоқашымыз. ол әрқашан кез-келген үйде, кез-келген жағдайда біздің дастарханымыздан табылады  қажет азық-түлігіміз: ұн – 6-7 стақан су (жылы) – 500 мл қант – 2 асқасық сұйық май – 0,5 стақан ашытқы – 2 шай қасық тұз – 1 шай қасық 1. алдымен суға + ашытқы + тұз + қант салып, араластырамыз. 2. ұнға майымызды құйып, қасықпен араластырамыз ұнның үстіне дайын суымызды жайлап құйып, қамыр илейміз, судың 400 мл-і қамыр илеуге, 100 мл-і,қамыр қолға жабысқанда қолды сулап тұру үшін қажет. 3. егер су қалып қойса, қамырды сулап қоямыз, сол кезде қамырымыз жұмсақ болады. 4. бетін пленкамен жауып, жылы жерге қоямыз 30 минутта ашуы керек. 5. қамрымызды бір қайтарып, үш немесе одан да көп күлшеге бөлеміз ұн сеуіп, жаямыз стақанмен жайған қамырымыздың үстін басып, осылай бөліп аламыз, төрт бұрышты қылып кесуге де болады. маған осылай ұнайды. 6. бетін 15 минутқа жауып қоямыз, тағы да көтерілу керек. 7. қызған майға пісіріп аламыз.
0,0(0 оценок)
Ответ:
mariasmiles
29.05.2023 20:54

Емен (лат. Quercus) – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қо дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота