Кең болсын қазағымның керегесі, кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі! *** Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі - наурыз мейрамы құтты болсын! Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Қоян жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!
Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады. Ат спортының түрлері:
аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс, байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс, ат жегу - тез арада атты дайындау, ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару, аударыспақ - ат үстінде алысу, жорға жарыс - жорғалар сыны, құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы, қыз қуу, көкпар - командалық ойын, жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу, күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету, сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку