kilernosok
29.01.2023 12:03

Су сөзін есім дік пен алмастыру​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
крмоири
16.10.2022 07:11

Менің арманым

Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
4кпнигш
05.11.2021 20:29
Астана - әсем қала. Ол өзінің ауыз толтырып айтарлықтай ерекшеліктерімен де ерекшеленеді. Астананың  жөні бөлек. Басқа қалалардан ерекшелігі де сол онда әдемі зәулім үйлер, Есіл өзенінің жанында орналасқан Үкімет пен Парламентке арналған әкімшілік ғимараттары, Хан  шатыры, мәдениет сарайлары, спорт кешендері, "Өмір өзені" атты субұрқақтары, Конгрес Холл, театрлар мен Абай мен Кенесары атамыздың ескерткіштері, Бәйтерек монументі, көшедегі гүлзарлар мен алаңдары да өте керемет үйлесімін тапқан. Бұл біздің білетініміз ғана десем болады. Қазіргі Астананың көз тоймастай көркіне,  жылдан-жылға әсемденіп өсіп келе жатқанына әрбір ауыл баласы қызыға қараймыз. Астананың Астана болғанына елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін айтпай кетуге болмас. Ол кісі Астананы жаңаша гүлдендірді.
Сарыарқаның төрінде орналасқан Астана - Қазақстанның жүрегі. Мен оны әрдайым мақтанышпен "Әсем қалам – Астанам"-деп айта аламын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота