Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Мақал
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық
Кәсіби сөздер-
Әр түрлі шаруашылыкқа, кәсіпке байланысты сөздер болады. Мысалы: балық аулау кәсібінс байланысты: таутан, асман, қызылқанат, табан, бекіре, шортан (балық атаулары), аламан, тоспай, итерқұл, морда (ау, түрі) т. б.; егін бау-бакша шаруашылығына байланысты; әнер, атыз, жан арық, қол арық, оман арық, ата жап, жер суы, желке суы, орақ суы, құлақ суы (арық түрлері), кешір, пісте, шекілдеуік, бәдірен, қауыншек, әнгелек, күнбағыс т. б. сөздер бар.
Мұндай белгілі бір мамандық пен кәсіп түріне байланысты ғана қолданылатын сөздерді кәсіби (профессионалдық) сөздер деп атайды.