1. Миыңызды артық ақпаратпен шаршатпау үшін барлығын жазып жүріңіз. Жадыңызға сеніп қалмаңыз.
2. Басым талаптар тізімін жасаңыз. Осылайша, қажетсіз істерді екінші қатарға ысырып, бар күшіңізді тек маңыздысына жұмсайсыз.
3. Әр аптаның соңында келер аптаға арнап жоспар құрыңыз. Бір қарағанда, уақытты шығындау болып көрінгенімен, ойдың нәтижелілігін арттырады.
4. Әрдайым өзіңізбен бірге қағаз, қалам алып жүріңіз. Оған ойға келген жақсы идеяларды жазып жүретін боласыз. Немесе диктофонды пайдалануыңызға болады.
5. Егер өзге адамның өтініші сіздің мақсатыңызға сай келмесе, «жоқ» сөзін айтып үйреніңіз. Екі жаққа да тиімдісі осы болмақ.
6. Істі бастамас бұрын парқын танып, жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Бірақ, көп ойланбаңыз.
7. Жоспарыңызда өзіңізді дамытатын істер міндетті түрде болсын.
8. Айналысып жүрген ісіңізге саналы түрде баға беріңіз. Сіз өз уақытыңызды не нәрсеге жұмсап жүргеніңізді білуіңіз керек. Әрбір ісіңіз мақсатыңызға жақындатуы тиіс.
9. Уақытты үнемдеуге қатысты кітаптар оқып, оларда жазылғандарды міндетті түрде пайдаланыңыз.
10. Зиянды әдеттеріңіздің қаншалықты көп екенін бақылаңыз. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алады. Мұндай әдеттеріңізді тізімдеп, кезекпен арылыңыз. Ең дұрысы – зиянды әдеттерді пайдалысымен алмастыру.
11. Жағымпаздану үшін өзгелердің жұмысына көмектеспеңіз. Осылайша, өзіңізге жұмсауға болатын уақытты шығындайсыз.
12. Мақсатыңызға жету барысында жеткен табыстарыңызды жазып отыратын журнал бастаңыз. Оны үнемі толықтырып, дұрыс бағытта жылжып келе жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
13. Барлық істі мінсіз етіп орындаудың қажеті жоқ. Мысалы, Абайдың стилінде жазғым келеді деп, өз өлеңіңізді 20 рет түзетудің нәтижесі болмайтыны анық.
14. Өзіңізге көп жүк артпаңыз. Екінші саптағы жұмыстарды кейінге қалдырып, ең маңызды дегендерін күні бойы отырып жасауыңызға болады.
15. Бәсекелестікпен алданып қалмаңыз. Сіз қазір маңызы жоқ іспен белсенді түрде айналысып кетуіңіз мүмкін. Бұл жағдайда уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрсіз деп айта алмаймыз.
Объяснение:
15 тәсіл уақытты үнемдеудің
Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына (әнші, ақындар айтысы мен шешендік өнерге), ежелден келе жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа(беташар,бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауық (алтыбақан, қызойнақ, қынаменде, ортеке, судыр-судыр) пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Ал Айдарбек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қантай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай, т.б. белгілі халық қуларының өнері туралы кезінде Ш.Хұсайынов пен Қ.Қуанышбаев (“Шаншарлар”), Ж.Шанин (“Айдарбек”, “Торсықбай”), т.б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е.Өмірзақов т.б. актерлер өз ойындарында халық қуларының бай тәжірибесін мол пайдаланды.Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады. 1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі қаланып, жұмыс істей бастады. 1890 жылы Семей қаласында “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” ұйымдастырылды. Алғашқы драм. шығармаларда Г.Д. Гребенщиков “Жақсы жігіт” пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, Н.П. Анненкова-Бернар ұлттық дастан негізінде 1908 жылы “Бекет” атты драма жазып, кейін оны сахнаға шығарды. 1911 – 12 ж. Шымкент, Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола(Астана), Қостанай, Петропавл, Орал мен Семейқалаларында ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады.