scream75821
21.05.2022 16:28

Мамандық туралы эссе жазу(бұйрық рай,шартты рай)​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
4кпнигш
13.05.2022 09:55
Әке – асқар тау.Отбасында әкенің орны бөлек. Әке – сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап-бағуға да, жақсы тәлім-тәрбие беруге де міндетті адам. Әке – бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әке десе – ауылы, ауыл десе – әкесі есіне оралатын перзенттік жүрегі дамылсыз соққан. Қашан да қамқор болған сан үмітке, Өтермін сақтауменен салтыңды әсем. Көнбей ме көңіл шіркін кәрілікке, Өкпелеп қалмайсың ба «қартым” десем! Ақын үшін, «бір ауылдың бәйтерегі» – өмірдің ащы-тұщысын халқымен бірге татқан әкесі. Сондықтан ол әкеден алатын тәрбие де салиқалы болмақ. Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен. Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз. Әке ұл-қызын намысшылдыққа, елі, руы, қала берді өз бауырлары үшін еңбек етіп, өмір сүруге баулып отырады. Әкенің мейірімі мен талап қойғыштығының, еңбеккерлігінің бала тәрбиесіне ықпалы көп.
0,0(0 оценок)
Ответ:
davvechannel
13.02.2022 04:32

Дене шынықтыру сабағында

Дене шынықтыру сабағын барлық оқушылар асыға күтіп, өте жақсы көретіндері сөзсіз. Себебі, бұл сабақта оқушылар шаршағандарын басып, біраз қимылдап, бойларына энергия жинайды. Мысалға, бүгінгі сабақ басталмай тұрып, бір топ оқушылар қоңырауда далаң – далаң жүгірсе, енді біреулері жапыр – жұпыр жүгіріп жарыса бастады, қыздар болса, қайқаң етіп, кейбіреулері ербең - ербең етті. Кілт қоңырау соғылып еді, оқушылар есікке қарап, маң - маң басып келе жатқан мұғалімді көрді. Мұғалім сабақ алдында жоқ оқушыларды түгендеп алып, бүгін түрлі жаттығулар жасайтынымызды мәлім етті. Сонымен, бірінші жаттығу – бір орында тұрып секіру болды. Мұғалімнің санағанына ілесіп секіріп жатқанымызда кенеттен менің аяғым қалт етті де, жерге жалп етіп түсе кеттім. Сыныптастарымның барлығы маған жалт қарады. Қасымда тұрған құрбыларым қолдарын созып, маған көмектесіп, тұрып жатқанымда аяғым тағы қайқаң етіп тұра алмай қалдым. Медбике шақыруға тура келді. Медбике апай денсаулыққа еш қаупі жоқ жарақат екенін айтып, мені сабақтан босатып, үйге қайтарды. Екі сыныптасым мені үйге дейін шығарып салды, себебі құлағаннан соң шойнаң - шойнаң етіп қалдым. Әзірге енді тыным сақтап, спортпен айналысуға болмайды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота