2828371
26.12.2022 07:39

Рлап кетпес үшін қалай эвфемизмде?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
angelala123
23.03.2021 14:39
Мен ержеткенде үлкен мамандық иесі болғым келеді.Өзімнің таңдаған мамандығым ол-дәрігер.Мен дәрігер болған кезде ,балаларды емдегім келеді сонымен қатар үлкен ата-әжелердің де аман жүргенін қалар едім.Олардың аман сау жүргені мен үшін үлкен қуаныш болар еді.Жалпы осы мамандықты таңдаған себебім ата-анамның  менің жанымда ойнап-күліп жүрсе деймін.Егер елімізде дәрігерлер аз болса,онда  халықты кім емдейді?Сондықтан да,аз да болса медицина саласына үлесімді қосқым келеді.Дәрігер мамандығы үлкен  жауапкершілікті,ептілікті соным қатар сабырлылықты қатты қажет ететін қиын да,қисынды мамандық.
(8 предложений)
0,0(0 оценок)
Ответ:
VarmaleyYouTuber
08.04.2023 06:10

Шығарма.

"Қыз Жібек" жыры – асыл махаббаттың айшықты ескерткіші.

Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.

Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота