megachiglakov
18.06.2022 21:07

Казак тили 23 жаттыгу 107 бет 1 болым

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
bogdanstarunskp06m9y
19.09.2020 13:28
Қазақша шығарма: Ит Ит - менің сүйікті үй жануарым Менің сүйікті үй жануарым ол ит. Ит жеті қазынынң бірі деп жатады. Менің итім өте сүйкімді және мейірімді.Мені күнде мектептен кейін қарсы алады. Менің итімнің аты-Тобик.Менің ойымша әр адам өз итін шексіз жақсы көреді. Итімнің көптеген қылықтары маған қатты ұнайды. Оларды атап кетсек:жүгіру,секіру және ен басты қасиеті ол берген бұйрығынды бұлжытпай орындайды. Менімен бірге күнде ойнайды,мені қорғайды. Мен оны жақсы қараймын, күнде даладан кейін жуындырамын. Мен өз итімді қатты қатты жақсы көремін. Менін итім Мен итті жақсы көремін.

2.Менін Ақтөс деген итім бар. Ол өте ақылды. Ол әжемнің үйінде тұрады. Таңертең мен келгенде, ол алдымнан жүгіріп шығады. Маған еркелеп үстіме асылады. Ақтөсті біз кішкентай күшік кезінен асырадық. Итті жеті қазынаның бірі деп айтады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
duyquhuseynli
29.05.2022 09:43

Жеті - қасиетті сан.

Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.

Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота