Кіріктірілген оқу бағдарламасы қазақ тілі пәніне түбегейлі өзгерістер алып келді, мұғалімнің алдында тұрған міндеттерінің өзгеруіне ықпал етті. Мұғалім оқулықта берілген нұсқау бойынша білім беруші рөлін өзгертіп, сын тұрғысынан ойлай алатын оқушыны тәрбиелейтін фасилитаторға, нұсқаушыға айналды. Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша мұғалім оқушыға оқулықта ұсынылған материалды емес, әдеби шығармаларға қоса, мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткаларды мәтін ретінде ұсынып, оқыта алады. Бұл өз кезегінде мұғалімге шығармашылыққа кең құлаш жаюға мүмкіндік бере тұрғанмен, сонымен қатар үлкен жауапкершілік артуда. Мақалалар, электронды хаттар, блогтар, статистикалар, кесте, график, хабарландыру, шолу, жарнама, нұсқаулық, меню, этикеткалар мәтін болатын болса, «оларды қалай таңдаймыз, қандай параметрлермен өлшейміз, мәтінді сыныпқа әкелмес бұрын нені ескереміз, қандай белгілеріне қараймыз?» деген сауалдар көп туындайды.
Нұрғиса Тілендиев
Нұргиса Атабайұлы Тілендиев Алматы облысы Іле ауданының Шилікемер деген жерінде дүниеге келген. Ол – қазақ композиторы, дирижер, домбырашы, халық артисі.
Н. Тілендиев П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының дирижерлік факультетін бітірген. 1953-1961 жылдары Қазакстанның опера және балет театрында істеді. «Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болды.
Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен динамикалық серпін - Нұрғиса Тілендиев шығармаларына тән қасиет. Ол- төрт жүзге тарта ән мен романстардың, «Достык жолымен» балетінің, «Алтын таулар» операсының, «Ана толғауы» поэмасының, т. б. көптеген
шығармалардың авторы.