Объяснениорсық - түбір сөз (зат есім);Қазақстан - (зат есім),+да - жатыс септігі жалғауы;кең - түбір сөз (сын есім);тара - түбірі (етістік),+ған - есімше жұрнағы;жануар - түбір сөз (зат есім).
Дене - түбір сөз (зат есім);тұрқы (зат есім);75 (сан есім);сантиметр - түбірі (зат есім),+ден - шығыс септігі жалғауы;ас - түбірі (етістік),+а - көсемше жұрнағы,+ды - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Орман - түбірі (зат есім),+ды зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақ;тау - түбірі (зат есім),+лы - зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақ;дала - түбірі (зат есім),+лы - зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақ;су - түбірі (зат есім),+лы - зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақ;жер - түбірі (зат есім),+лер - көптік жалғауы,+де - жатыс септігі жалғауы;кез - түбірі (зат есім),+дес - есімдерден етістік жасайтын жұрнақ,+ді - жіктік жалғауының үшінші жағы.
Подробнее - на -
Алтын ұямыздағы қайырымдылық жәрмеңкесі.
Тәуелсіздік күні – барша қазақстандықтар үшін айтулы күндердің бірі.Бұл егемендікке ата-бабаларымыз үлкен қажыр-қайраттың,халықтың татулығының арқасында қол жеткізген еді.Міне,бүгінде кең байтақ жерімізде мамыражай өмір сүріп келеміз.Ал еліміз болса күн санап көркеюде.
Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебімізде көптеген шаралар өткізілді.Солардың бірі – қайырымдылық жәрмеңкесі.Мен жәрмеңкеден алған әсеріммен,өз ойыммен бөліссем деймін.Ең қызықтысы жәрмеңкеде неше түрлі заттар мен тағамдар сатылды.Яғни,көп салалы болды.Бір бөлігінде халқымыздың ұлттық тағамдары,енді бірінде дүкен сөрелерінен сатып алынып,кейін арзанға сатылып тұрған зиян да болса,оқушылар сүйіп жейтін тағамдар сатылды.Енді бір бөлікте оқушылардың өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдары,картиналар, әшекей заттар көздің жауын алып тұрды.Тағы бір жерінде қазақ ақын-жазушыларының төл туындылары мен кітаптары әлдеқайда арзан бағаға сатылымда тұрды.Сонымен қатар мектеп оқушыларына аса қажет оқу және кеңсе құралдары да сатылды.Қоңырау сайын оқушылар да,мұғалімдер мен кіші қызметкерлер де жәрмеңкеге асықты.Үйме-жүйме болған көпшілік бейне бір илеудегі құмырсқалар секілді.Менің пікірімше, жәрмеңкеге ұйымдасқан түрде жоғары деңгейде өтті.Сатушы да,сатып алушы да мәз.Жиналған қаржыны мектеп ұжымы тиімді қолданады деген пікірдемін.Осындай қайрымдылық шаралары көп болғай!