Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.
Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстанның құрғақ дала аймағында орналасқан. Қала аумағы төменгі жайылма террассалар болып табылады. Есіл өзені – астананың негізгі су артериясы болып табылады. Климат күрт құбылмалы – суық әрі ұзаққа созылған қыс және ыстық, орташа құрғақ жаз. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағы 722 шаршы километрден астам, халқының саны 1010000 астам адам.
Нұр-Сұлтан қаласының архитектуралық көрінісі Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлерін бейнелейтін арнайы еуразиялық стильде жасалды. Елорда мастер-жоспарының авторы атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава болды. Қала үш ауданнан тұрады: «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл».
Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы – белсенді, талантты және жігерлі жастар үшін жаңа мүмкіндіктер мен тартымды қала. Қазақстанның астанасы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы болып табылады және білім, ғылым және инновацияның өңірлік орталығы болуға ұмтылады.
Тарихи өлшем бойынша жас қаланың мәдени өмірі қанық және қызықты. Оның мұражайларында, театрларында және концерттік залдарында ұлттық және заманауи өнер үйлесімді синтезделеді.
Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері
Бәйтерек. «Астана-Бәйтерек» монументі – Нұр-Сұлтан қаласының негізгі көрікті жерлерінің бірі және қаланың басты нышаны болып табылады. Қазақ тілінен аударғанда «Бәйтерек» теректі білдіреді. Осылайша, Бәйтерек өзінің тарихи тамырларын сақтап қалған, болашақтағы өркендеуге ұмтылатын және бүкіләлемге әйгілі
қалғаны сыймай қалды
Мен өмірді сүйемін.
Менің өмірге деген көзқарасым оң әрі жарқын. Мен өмірді сүйемін. Ал сүйіспеншілік - тіршіліктің негізі. Өмірді сүйетін адамдар бақытты, әрі жан - жағындағы адамдармен осы бақытымен бөліскісі келіп, ешкімге жамандық ойламайды.
Мұндай көңілі көктем, жайсаң жандар осы бақытымен барша әлеммен бөліскісі келіп, алып – ұшып тұрады. Осындай асыл жандар тек жақсылық ойлап, игі істермен айналысып, айналасына мейірімін төгіп, көңіл нұрымен шуақтандырып тұрады. Жүрегі сүйіспеншілікке толы жандар жанымызды жылытып, өмірімізге сән береді.
Сонымен қатар менің армандарым да көп. Мен өз болашағымды жарқын етіп елестетемін. Мектепті ойдағыдай тәмамдап, қалаған мамандығымның иесі болғым келеді.
Менің ойымша, адамның өмірге деген көзқарасының оң немесе теріс болуы ең алдымен отбасы мен ондағы жағдайға байланысты, себебі адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан кейін сүйіспеншілікті ең алдымен ата - анасының аялы алақанынан сезінеді. Әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді.