Нысанбай жырау Жаманқұлұлы - ақын, жырау. Тарихи тақырыптағы Кенесары – Наурызбай дастанын жазған. Бұл шығарма алғаш рет 1875 ж. Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества журналында жарияланды. Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822, Сыр бойы – 1883, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар мекені) – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы. Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көрген-білгенін жырға қосқан. “Кенесары – Наурызбай” атты көлемді дастанында көтеріліс басшыларын батырлар жыры дәстүрінде бейнелеп, заман шындығын отарлық езгіге қарсы көтерілген халық үнімен шебер қиюластыра білді. Жырда Кенесарының қырғыздарға жасаған жорығы, оның қаза табуы мазмұндалған. Дастан халық арасына кең тараған, алғаш 1875 жылы С.Жантөрин мен Т.Сейдалиннің аудармасымен “Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества” журналында орыс әліпбиімен қазақ тілінде басылды. Шығарманы 1912 жылы Қазан қаласында ЖЫЛЫ Шайхысыламұлы жеке кітап етіп бастырды, 1923 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының, 1924 жылы Н.Төреқұловтың алғысөздерімен кітап болып шықты. 1996 жылы “Қазақ халық әдебиеті” атты көп томдықтың 17-кітабында жарық көрді. Нысанбай жыраудың шығарм. жолын Х.Досмұхамедұлы, Е.Ысмайылов, І.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов, т.б. зерттеді
Объяснение:ВРОДЕ ОСЫ БОЛАДЫ
Абайдың жастарды оқу-білімге шақыруы қазіргі заманда өзекті ме? Абай Құнанбайұлын зерттеуші ғалымдардың оны "халық ұстазы" деп тануы бекерден-бекер емес,деп ойлаймын.Шынында,ақынның шығармашылық мұралары - халықтың рухани қазынасы,тәлім-тәрбие өзегі.Ақын бар ойын ел болашағы жастарға арнаған еді.Негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «толық адам» етіп тәрбиелеуді мақсат тұтты.Көпшілігіміз білетін: Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге,-деген жолдарының өзінде-ақ оқу-білімге ынтығу керектігі айтылады.Абайдың шығармаларында жастарды оқу-білімге шақыру қазір де өзекті,тіпті қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды деп білемін.Ия,қазіргі таңда сол кездегідей халық надан емес.Алайда,бір күнін босқа өткізіп жатырған жастар жетерлік.Ондай жандарға ақынның: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан,-деп үгіт жасағың келеді.Сонымен қатар,өзін түгелімен ғылымға арнап, бірнеше тіл біліп,елімізде ғана емес,шет елде белгілі боп жүрген жас өрендер де жоқ емес.Соларға қарап өзің де бір марқайып қаласың.Білімді жастар саны көбейе берсін дегім келеді
Думаю ответ правильный。◕‿◕。