Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын
Қазақстанда Қызыл кітап 1978 жылдың қаңтарында үкіметтің шешімімен құрылды. Одан кейін оның бірінші бөлігі, оның ішінде омыртқалылар: 87 түрі мен кіші түрлері, оның ішінде балық - 4, амфибия - 1, бауырымен жорғалаушылар - 8, құс - 43, сүтқоректілер - 31; олар екі санатқа бөлінген - сирек кездесетін және қауіпті. Айта кетейік, бұл Кеңес Одағындағы алғашқы Қызыл кітап болды. 1985 жылдың қаңтар айынан бастап Ғылым академиясының Президиумы жанынан Қызыл кітапқа арналған зоологиялық комиссия жұмыс істей бастады, оның құрамына әртүрлі ғылыми-зерттеу институттары, университеттер мен мемлекеттік экологиялық органдар өкілдері кірді. Болашақта Қызыл кітап туралы ережеге сәйкес, бұл комиссия Қазақстанның Қызыл кітабының екінші және үшінші басылымдарын дайындауға басшылық етті.