Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы — БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны (БА) құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті. Қандай да болмасын, әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады. Сонымен қатар халықар. бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар (БҰҰ жарғысы, 11 және 13-бап). Осы баптарға сәйкес, Бас Ассамблея экономикасы, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның (Жарғының 18-бабында атап көрсетілген) маңызды мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын (әдетте, қыркүйектің алғашқы сейсенбісінде) кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға (Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүшелердің төрағасы сессия төрағалығына сайлана алмайды) және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 к-тінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық к-терінің қызметін үйлестірумен, ал екінші к-т уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеячның негізгі 7 к-тінің мынадай міндеттері бар: Бірінші к-т саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси к-т Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады. Сонымен қатар, Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар. Бас Ассамблея өзінің қызметтік міндетін толық жүзеге асыруға ықпал ете алатын басқа да қосымша органдарды құру мүмкіндігіне ие.[1]
Турбо-страница
Вы находитесь на странице, адаптированной
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған.
Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.
Теңіздің шегініп, құрлық көлемінің ұлғаюы арта бастаған кезден (палеоген дәуірден) бастап, Иран арқылы Африка флорасы кірген. Олардың ішінде эфемерлі өсімдіктер, жоңышқа, қараған бұталары мен ағаштардың кейбір түрлері болған.
Палеоген дәуірінің алғашқы жартысында жазық ойпаңдарды теңіз басып жатқан тұста, оның жағалауындағы қыраттар мен тауларға субтропиктік жалпақ жапырақты ормандар тараған. Палеоген дәуірінің екінші жартысында, теңіз суы тартылып, құрғап, орнына осы күнгі ірілі- ұсақты көлдер пайда болған.
Неоген дәуірінде климат суып, таулы аудандарды мұз басқан кезде жылу сүйгіш өсімдіктер жойылып кетіп, қазіргі орман типтері қалыптасқан, грек жаңғағы, өрік, алма сияқты өсімдіктер сақталып калған. Сібір жақтан ауысып, арктикалық, альпілік өсімдіктер тараған. Қазақстанның осы күнгі өсімдіктер жамылғысы осылай біртіндеп ұзақ кезеңді басынан өткізіп қалыптасқан. Қазіргі өсімдіктердің қалыптасуына жергілікті өсімдіктер мен қоса сырттан келген түрлер де едәуір әсер еткен.