ответ:Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Тебін, тебіндету - малды қар басқан қысқы жайылымда бағу. Қазақстанда ежелден белгілі әдіс. Қазірде тебіндету жылқы мен қой шаруашылығында қолданылады. Тебіндегі мал тұяғымен қарды аршып, шөбін жейді. Тебінде жайылуға бұғы, жылқы, қой (өсіресе қазақы жылқы мен қой және солардың негізінде шығарылған жаңа тұқымдар) бейім. Тебінге шөбі биік, қалың суаты бар, қар аз түсетін жайылымдар қалдырылады. Қазақстан жағдайыңда қыста мал тебіндету қолда бар табиғи жайылым қорын ұтымды пайдаланып, арзан да сапалы мал өнімін өндірудің тиімді жолы болып табылады.[1]