Taya200401
04.05.2022 11:10

Француз абсолютизмнің ерекшелігі неде болды?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
LLeNN
20.01.2021 22:00

Францияны біріктіру XI Людовиктің тұсында (1461-1483) аяқталды. XVI ғасырда ірі герцогтік Бретань Францияға қосылғаннан кейін Франция өзінің аумағын қалыптастырып, Батыс Еуропадағы орталықтандырылған аграрлы ірі мемлекетке айналды. Франция — Лангедок, Прованс, Дофинэ, Бургундия, Бретань және Нормандия провинцияларынан тұрды. XVI ғасырдағы саяси-әлеуметтік өзгерістер Францияда абсолюттік монархияны қалыптастырды. Басқа Еуропа елдеріндегі абсолютизммен салыстырғанда француз абсолютизмі күшті дамыған классикалық түрде орнықты. Феодалдық дворяндар елдегі артықшылық жағдайдағы абсолютизмнің арқа сүйер негізгі тірегіне айналды. Француз королін католиктік шіркеу де қолдады. Жаңадан дамып келе жатқан буржуазия тобының өкілдері де абсолютизмді қолдап отырды. Себебі, қаржысы жетерлік буржуазия өкілдерінен мемлекеттік шығын көбейген сайын өкімет қарыз алып отырды. Ал өкімет өз тарапынан қарыз бергендерге жанама алым-салықтарды жинауға рұқсат етті. Олар алым-салық жинайтын компаниялар құрып, халықтан түсетін салықтан үлкен көлемде қаржы жинап алып отырды. Мұндай жолмен жиналған қаржы капиталдың алғашқы қорлануындағы француздық ерекшелікке айналды. Сонымен бірге француз буржуазиясының ірі тобы абсолютизмді қолдауының нәтижесінде күйзелген дворяндардың жерін сатып алды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота