Алуа220306
30.10.2020 18:18

Әл-Идриси туралы мәлімет қандай ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
кейсикупер1
29.11.2020 09:49
әл-Идриси— араб географы, саяхатшы. Мароккодағы Идриси әулетінің атақты әмірлер ұрпағынан шыққан. Кордовада білім алған. Франция, Англияға саяхат жасаған. 1116 ж. Кіші Азияда болған. 1138 ж. Палермоға келіп, әуелі Сицилия королі Роджер ІІ (1130 — 54), кейін Вильгельм І-нің (1154 — 66) сарайында тұрды. Қартайған шағында Сеутаға қайтып оралды. 1154 ж. ұзақ жылғы жинаған тарихи-географиялық деректерінің негізінде “Сурат әл-ард” (“Жер бейнесі”) атты атласын жасап шығарды. Картада тарихи-географиялық 2500 атау енгізіліп, бұларға қоса 7000 атауға қосымша түсінік берілген. Әл-Идриси картасы — 11-12 ғ. қарлұқ, оғыз, қимақ, тоғыз оғыз т.б. тайпалар мен түрлі халықтардың орналасуы жөніндегі аса құнды дерек. Бұл еңбекте, әсіресе, қыпшақтар жөнінде толық мәлімет берілген. Әл-Идрисидің бұдан басқа “Нұзхат әл-мұштақ фихтирақ әл-афақ” (“Жиһанкездіктен торыққан адамның көңіл көтеруі”) атты тарихи-геогр. шығармасында Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпаларының, Еуропа мен Африка елдерінің тарихы баяндалған. Әл-Идрисидің географиялық жолжазбаларында Шу-Іле таулары, Сырдария өзенінің төменгі бөлігі, Арал бойы туралы мәліметтер, сонымен қатар осы өңірдегі темір, алтын, күміс, асыл тастар жайлы деректер берілген. Іле аңғары бойындағы, Ыстықкөл мен Балқаш көлінің арасын мекендеген қарлұқтар жерінің табиғаты, Алакөл қазаншұңқырындағы климат әсерінің картасы кескінделген.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота