Цитадель (итал. cіttadella — шағын қала) —
қорғанның бекініс құрылыстармен қоршалған орталық бөлігі. Ортағасырлық қалалардың ішінен тұрғызылатын бекініс құрылысы. Әдетте қамал қабырғаның ішінде орналасқан билеуші сарайы, әкімілік және діни ғимараттар осы цитадельдің ортаңғы өзегін құрайды.