380661146235
22.10.2021 14:09

Берілген терминдерді түсіндірініз- Үштік одақ​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Kek346582
19.10.2020 09:01

Үштік одақ — 1882 ж. құрылған Германия, Австро-Венгрия және Италия мемлекеттерінің әскери-саяси одағы. 1879 ж. Германия Австрия — Венгриямен өзара одақтасу туралы шарт жасасты. 1882 ж. бұл одаққа Италия қосылды. Германия дүниежүзілік үстемдікке ұмтылса, Италия жаңа жерлерді отарлау жолындағы күресте Франциямен бақталас болды. Үштік одақ шарты төрт рет жаңартылды: 1887, 1891, 1902 және 1912. Үштік одақ елдерінің саясаты герман империализмінің өсіп келе жатқан басқыншылығын, оның отар жерлерін кеңейтуге, тауар өткізетін жаңа рыноктар мен шикізат көздерін басып алуға ұмтылатындығын көрсетті. Осы саясатты жүзеге асыруда Германияның Ұлыбританиямен бетпе-бет келуіне тура келді, өйткені оның қолында орасан зор отар жерлер бар еді. 1904 — 1907 ж. Үштік одаққа қарсы Ұлыбритания, Франция, Ресей одағы құрылды. Сонымен Еуропа қарулы күштері екі лагерьге бөлінді, мұның өзі 1-дүниежүзілік соғыстың ашылуына себепкер болды. 1-дүниежүзілік соғыс басталғанда, Италия өзінің бейтараптығын жариялады. 1915 ж. мамырда Италия Антанта мемлекеттерімен шарт жасасып, өзінің одақтастары Австрия — Венгрия мен Германияға қарамақарсы соғысты. Сөйтіп, Үштік одақ. жойылды.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота