Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі[1].
Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.
Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.
Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.
Басқару формасы бойынша әлем елдері[2]:
Президенттік республикалар
Аралас республикалар
Атқарушы биліктің қызметін парламент сайлаған президент атқаратын Парламенттік республикалар
Атқарушы билік премьер-министрдің қолында болатын Парламенттік республикалар
Парламенттік монархиялар
Дуалисттік монархиялар
Абсолюттік монархиялар
Бірпартиялы жүйелі мемлекеттер
Әскери диктатура